STEM БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Таяу және алыс шет елдерде жоғары технологиялар саласында мамандарды даярлаудың негізі STEM білім беру болып есептеледі деп хабарлайды, edunews.kz Ақпараттық агенттігі.
2020-2021 жылдар аралығындағы ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ «STEM-білім беру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» деп алды. Осы бағыт бойынша институтта түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі облыстағы білім беру ұйымдары педагогтерін әдістемелік сүйемелдеу мақсатында 2020 жылдың 17 қыркүйегі күні Ақтау қаласының №20 орта мектебі мұғалімдеріне өткізілген «STEM білім беру – заман талабы» тақырыбындағы вебинар. Шараны институттың STEM бойынша тренері Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы өткізді.
Вебинарда білім беру ұйымдарында STEM білім беру мен оқытудың тиімділігі, әдістемелік қызметті ұйымдастырудағы STEM оқыту жүйесі, STEM-құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру, STEM білім берудегі әдістерді тиімді қолдану бойынша мәселелер қарастырылды.
Шара барысында педагогтер STEM білім беру бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырылып отырған вебинардың маңыздылығын және болашақта да аталған бағыттағы іс-шараларды өткізудің қажеттілігі жайлы ұсыныстарын білдірді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың
STEM бойынша тренері