» » Ату негіздері

Ату негіздері

Молдашов Дәурен Ерланұлы, 

"№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 алғашқы әскери және технологиялық дайындық ұйымдастырушысы

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы



Сабақтың тақырыбы

Ату негіздері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Ату құбылысы, оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы, қарудың тебілісі, траекторияның пайда болуы, оқтың тесіп өту және қиратқыш әрекетімен, тура атудың практикалық маңызымен танысу..

Сабақ  мақсаттары:

Барлық оқушы: атыс құбылысын сипаттай алу.

Көптеген оқушы: оқтың ұшу траекториясын білу және түсіндіру.

Кейбір оқушы: оқ траекториясының элементтерін ажырату және оқтың ықтимал салдары туралы дәлелді пайымдау.

Тілдік мақсат

Оқушылар: оқулық пен заң мәтінін пайдаланып, қойылған сұрақтарға жауап береді. Сөздік қор және терминдер: атыс, қару, патрон, траектория, тесіп өту және қирату күші.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың  басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мұғалім оқушылар арасында сарапшы тобын тағайындайды. Білімді өзектендіру. Өткен сабақтағы «сұрақтар қорабын» пайдалана отырып, мұғалім «миға шабуыл» әдісімен үй тапсырмасы бойынша сауалнама жүргізеді:

1. ҚР Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет неге міндеттейді? 2.Әскери қызметшілердің міндеттерін атаңдар.

3.Әскери қызметшінің жауапкершілігі неде?

Тік тұру,

сәлемдесу

ҚБ «Мақтау сэндвичі»

АӘжТД кабинеті

Сабақтың

ортасы

30 минут 

Жаңа тақырыпты оқу.

 Жаңа сабақты зерделеу

1. «Ату негіздері» тақырыбындағы бейнероликті көру. Мұғалім сұрақ қояды: Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ не туралы болады?

2. Мұғалім 10-сынып геометриясының курсын еске түсіруді ұсынады. Өйткені сабақ бойы сызбалармен жұмыс істейді, оқтың ұшу бағытын зерделейді.

3. Жаңа материалды түсіндіре отырып, мұғалім бейнероликтің жеке сюжеттеріне сілтеме жасайды. Мұғалім ату құбылысы туралы түсінік береді, атыстың сипаттамасын түсіндіреді. Сызбалар бойынша оқушылар оқтар мен қару түрлерін қарастырады. Мүмкіндігінше қару, оқ макеттерін қарастыруға болады. Мұғалім оқтың бастапқы жылдамдығына әсер ететін негізгі факторларды түсіндіреді. тоқталу керек.

4. Мұғалім оқушыларға «Ату кезінде қару қандай жағдайда болады?» деген сұрақ қояды. Әскери тақырыптағы кез келген фильмнен үзінді көрсетіледі, оқушылар қарудың кері серпу эффектісін бақылайды.

5. Жұппен жұмыс. Оқулықтағы суретке қарап, оқтың ұшу бағытын зерделейді. Шағын топтарда талқылау. Мұғалімнің пікірімен жалпы талқылау.

6. Жеке жұмыс. Оқушылар «оқ бағытының элементтері» мәтінін оқулықтан тауып оқиды. Керек жерін түртіп алады. Жұпта талқылайды. Мұғалім қорытынды шығарады.

7. Мұғалім оқушыларға екі үлкен топқа бірігіп, 5 минут ішінде мынадай ақпарат табуды ұсынады:

1-топ – оқтың тесіп өту;

2-топ – оқтың қиратқыш әрекеті туралы.                                         

Екі топтың таныстырылымы кезінде мұғалім оқушылардың әрекетін формативті түрде бағалайды және кері байланыс береді. Топтар өз жұмыстарын таныстырады. Талқылап, қорытынды шығарады.

Тыңдау,өз ойын айту,пікірталас

Сұрақтар

Бірін-бірі бағалау

Өзін-өзі бағалау

Оқулықтың электронды нұсқасы : http://expert.keleshek-2030.kz/nvtp1_11kz.php

Бағалау критерийлері интерактивті тақтада көрсетіледі немесе карточка түрінде оқушылардың үстелінде жатады.

Сабақтың

соңы

7 минут 

  «Плюс-минус-қызықты» тәсілі.

«П» - «плюс» бағанына - сабақта ұнағанның бәрі жазылады: жақсы көңіл күй сыйлаған немесе пайдалы болған ақпарат және жұмыс түрі.

«М» - «минус» бағанына - сабақта ұнамаған жайттар: жағымсыз әсер қалдырған, түсініксіз болған немесе пайдасы болмаған ақпарат жазылады.

«Қ» бағанына - сабақта жаңадан білген «қызықты» мәліметтер, бұл тақырыпта тағы білгілері келетін мағлұматтар және мұғалімге қойылатын сұрақтар жазылады .

  •  

Кері байланыс

Формативті баға

Стикерлер, макеттер, практикалық оқу жаттығу орындары,

стендтер

18 сәуір 2023 г. 8 440 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 215 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 608 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031