Назарбаев Университеті өнертабысқа алғашқы АҚШ патентін алды

Аталғыш қондырғы микроскоппен жұмыс істеу барысында бейнелердің сапасын жоғарылату кезінде техникалық нәтижені жақсартады.
2012-2018 жылдар аралығында NURIS (Назарбаев Университет) өнертабысқа арналған тағы 45 патенттің, соның ішінде 41 ұлттық (қазақстандық) және 4 еуразиялық патенттердің меншік иесі атанғандығын атап өткен жөн.
NURIS Коммерцияландыру кеңсесі Назарбаев Университеті ғалымдарының өнертабыстарын нақты өндірістік қызметке енгізу мақсатында, нарықта жұмыс істейтін компанияларға зияткерлік меншікті сату бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні ҚР-ның өнертабысқа/пайдалы модельдерге арналған 8 патенті бойынша 3 лицензиялық келісім жасалды; лицензиялар мынадай компанияларға берілді: «Аккумуляторлар институты» ЖШС, «Kun Tech» ЖШС және «R&D Engineering» ЖШС.