» » Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды

ҚР Тұңғыш Президентінің Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 6 сәуірде Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері тұратын 350 орынға арналған жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі. 

Іс-шараға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы, Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ Президенті Ибраимов Асқар Ізімбайұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай Аяшұлы қатысты. 

Жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін жатақхана иесіне жыл сайын әр еңгізілген төсек орынға 8 жыл бойы мемлекеттік тапсырыс орналастырылады (реконструкция –жылына 47 АЕК, жаңа құрылыс - жылына 122 АЕК).
2019 жылғы 1 сәуіріндегімәліметке сәйкес 20 шарт жасалды, оның шеңберінде 2019-2022 жылдар аралығындағы кезеңде 6 864 төсек орынды іске қосу жоспарланып отыр, оның 13-і Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай қалаларында құрылыс бойынша, ал 7-і Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен, Тараз, Орал қалаларында реконструкция бойынша.
 



Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі. 
01 мамыр 2019 г. 15 139 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 834 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930