» » «Студенттік көктем-2019» фестивалі өтті

«Студенттік көктем-2019» фестивалі өтті

      Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы өңірдегі жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары арасында дәстүрлі VII-облыстық «Студенттік көктем-2019» фестивалін өткізді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" Aқпараттық Агенттігі egemen.kz-ке сілтеме жасап.


  Фестивальге облысымыздағы оқу орындарының шығармашылық ұжымдары қатысты. Бұл іс-шара облыс аумағында студенттер үшін дәстүрге айналып отыр.

Сонымен «Студенттік көктем-2019» фестивалі қаланың Орталық алаңында бастау алды. Бұл жерде 6 жоғарғы оқу орны мен 22 колледж өздерінің мамандықтары және ерекше ұсыныстарын айтып, сынға түсті. Мектеп түлектері де келіп, қандай мамандық алу туралы ақпараттар алды. Жалпы бұл күні бұл жерге 6 мың мектеп түлегі келіп қатысты және әлеуметтік желі арқылы онлайн дауыс берумен «Жастар таңдауы» тақырыбында үздік жоғарғы оқу орны анықталып жатты.  

        - Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі күнде 265 мың жас бар, олардың жас аралығы 14-29 аралығында, деді облыстық Жастар ресурстық Орталығының директоры Арайлым Есімбекова. Қалаларда 166 мың жас тұрса, ауылдық жерде 99 мың жас бар, бұл облыс тұрғындарының 9 пайызы. Ал жастардың 25 пайызы студенттер. Университет пен колледждерімізде 66 548 студент оқып жатыр. Елбасының Бес әлеуметтік бастамасының үшінші бағытындағы тапсырмалар бойынша Семейде жоспарланған 11 жатақхананың екеуі пайдалануға берілді. Қалған 9 жатақхананы да іске қосу үшін құжаттары дайындалып жатыр. «Білікті маман» жобасы бойынша соңғы екі жылда Шығыс өңірде аса қажетті мамандықтар үшін облыс әкімі Даниал Ахметовтың гранттары да арнайы бөлініп жатыр. Бұл күндері грант иегерлері ретінде 646 жас жаңа өмірге жолдама алды.

Осыған орай, соңғы екі жылда ШҚО-дан шетелге кетіп оқитын түлектер саны үш есеге қысқарып отыр екен. Егер 2016 жылы 1600 бала облыстан кетіп, шетелге оқуға түсемін деп тапсырса, 2018 жылы 636 бала ғана кеткен. 

Фестиваль аясында «Кәсіби алаң», «Жастар таңдауы» сияқты көптеген тамаша шығармашылық кезеңдер, бөлімдер жұмыс істеді.

Жастар жылы аясындағы VIІ облыстық дәстүрлі «Студенттік көктем-2019»  фестивалі Гала-концертпен аяқталды. Жиынға қала әкімі Ермак Сәлімов те қатысып, жастарға ақ жол тіледі. Аталған байқауға облыс аумағындағы 20-ға жуық оқу орындардың шығармашылық ұжымдары қатысып отырды. Үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған оқу орындары номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

        «Үздік кәсіби алаң» номинациясына ШҚО техникалық және кәсіптік білім орталығынан, яғни колледждер арасынан Көлік колледжі иеленсе, бұл номинацияда университеттер арасында Шәкәрім атындағы университет пен ҚазИГЗУ-дің бағы жанды. Ал «Үздік шығармашылық бағдарлама» номинациясында колледждер арасында М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж аталса, университеттер арасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ иеленді. «Жастар таңдауына» онлайн дауыс беру арқылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ие болды. Фестивальде көрермендер көзайымы да таңдалды. «Студенттік көктемнің Сұлтаны-2019» болып Медицина университетінің студенті Әлихан Құмаров атанды. «Студенттік көктем аруы-2019» атағын Қазақ инновациялық университетінің студенті Аида Махметжанова жеңіп алды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит барлығын жеңістерімен құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар,ақшалай сертификаттар табыс етті.


Автор: Раушан Нұғманбекова
Дереккөз: egemen.kz 
02 мамыр 2019 г. 14 582 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 206 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031