» » ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ЖАСТАР

ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ЖАСТАР

 «Үмеге барған үндемей қалмас» мәтелін негізге алған Дулати университетінің студенттері Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында халқымыздың дәстүрін жаңғыртып, насихаттау мақсатында Тектұрмас алқабына барып қайтты.

Ұмыт болып бара жатқан қазақи салтымызды қайта жаңғыртуды көздеген Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультеті, Математика кафедрасының жастары Зәуреш апаның үйіне барып, шаруашылығына қолғабыс етті. Қыздар жағы бау-бақшадағы уылжып піскен алмаларды теріп, қысқа сақтау үшін қазазға орап жәшіктерге ұқыптап жинады. Үй ақтап, есік алдын сыпырып, бауырсақ пен қуырдақ пісірсе, жігіттер жағы піскен жүгеріні жиып, ағаш шауып, қора тазалады.

Енді, көпшілік көкейінде «Үме» деген қандай салт?» деген сұрақ туындауы бек мүмкін. Қазақ халқының тарихында жақсылық жасау дәстүрі жазылмаған заңдарға айналған. Жетімін қаңғыртпаған, жесірін жылатпаған халықтың тарихында қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық көне заманнан бері қарай бүгінге дейін жалғасып келеді. Қазақ қоғамында жылу, асар, аманат деген ұғымдардың астында көмек беру, қамқорлық деген іс-әрекет жатыр. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс «үме» деп аталады. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршының жиналатынына байланысты «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал туған.

Аталмыш факультеттің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гауһар Баймырзаева мен топ кураторы Рәзила Биштаева студенттердің жұмыла жұмыс істеп, тірлікті тиянақты тындыру үшін ұтымды ұйымдастырып, бағыт-бағдар берді. Жастарымыздың бұл көмегіне риза болған Зәуреш апа өз алғысын білдірді. Ұлтымыздың бұл салты туралы әңгімелеп, қыз-жігіттерге өз ақыл-кеңесін де айтты.

Жұмыла жұмыс істеп болған жастар түс қайта асық ойнап, көгалда күресті. Дастархан басында ән айтып, күй тартып көңіл көтерді.

Осылайша бір күнін сауапты іске арнап, дәстүрді жаңғыртқан жастар бұл игі істі жалғастыруды Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетіне жолдады.



Автор:

Дулати университетінің медиа-қызметі

15 қыркүйек 2020 г. 33 836 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031