» » Смартфоныңды болашақтың энергиясымен қуатта!

Смартфоныңды болашақтың энергиясымен қуатта!

 Естеріңізде ме, балалықшағымызда біздер болашақ туралы фильмдер көріп, ондағы ғажайып гаджеттерге таңқалушы едік. Ал қазір, бірнеше ондаған жылдардан кейін сол идеялар шынайыөмірде іске асып жатқандығына куә болып отырмыз.

 Мысалға, өткен жылы«Nike»компаниясы көпшілікке танымал «Болашаққа шегініс» фильміндегі өздігіненбауы байланатын кроссовкаларды қолданысқа шығарды. Қарыштап дамушытехнологиялар саласы тағы немен таңғалдыра алатындығы сіздерге де қызықты ма?

Сіздер байқағандарыңыздайуниверситет аумағында жаңа күрке (беседка) пайда болды. Сіздер жай ғанаәңгімелесіп уақыт өткізіп қоймай, сонымен бірге өз гаджеттеріңізді оныңайналмалы шатыры арқасында қуаттай аласыздар. Ол күні бойы күннің көзінқадағалай отырып энергияны өз бойына жинақтап және оны тәуліктің түнгіуақыттарында да пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған. Аталғанкүрке – Атырау мемлекеттік университеті мен «TEKSAN Kazakhstan Invest»компаниясының баламалы энергетика саласындағы бірлескен ғылыми жобасы. «TEKSAN»- Made in kz өнімдерін өндіретін серпінді түрде дамушы ұйым. Компанияның жоғарысапалы өнімдерін тек отандық нарықтан ғана емес шет елдерден де көруге болады.Дәстүрлі ТМД нарығынан бөлек Made in kz өнімдері БАӘ, ОАР және Панама сияқтыелдерге ұсынылған. Бүгінде Teksan сауда маркасындағы өнімдер жарық диодтықжарықтандыруға жататын көше, өндірістік және офистік жарықтандыру шамдарынқосқанда жарықтандыру жабдықтарының барлық түрлерін қамтиды.

«Жасыл» технологияларсаласындағы жобаны жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың мамыр айындаХ.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректор -стратегиялық жоспарлау және халықаралық байланыстар жөніндегіпроректоры Шилібекова Әйгерім Сенбекқызының жетекшілігімен жұмыс тобықұрылған болатын. Топ құрамына Түркияның ғалымдары, «TEKSAN» компаниясыныңинженерлері және Атырау мемлекеттік университетінің зерттеушілері енгізілді.Топ тек біздің университет студенттерін ғана таң қалдырып қоймайтын бірегейғажап туындыны жасап шығарды. Бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атыраумемлекеттік университетінің аумағына орнатылған айналмалы шарлы күрке бұлҚазақстандағы бірегей инновациялық жоба - ол электр энергияларын берудегікідірістерге еш тәуелсіз кешкі және түнгі уақыттарда электрді қоғамдықпайдалану аймағы болды. Күн қуатымен күркені қолдану электр энергияларынберудің қолданыстағы жүйесіне жүктемені төмендетуге, сонымен қатар, жүктемегебайланысты электр беру желілеріндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Өтіпжатқан «Болашақтың энергиясы» ЕХРО-2017 аясында бұндай жобаларды жүзеге асырубүтіндей еліміздің және өңіріміздің экономикасын қолдауға мүмкіндік береді.

Сіз күрке маңына шоғырланғанстуденттер мен оқытушылар тобын байқауыңыз мүмкін, себебі ол енді - гаджеттерүшін қуаттау станциясы. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын біз түймешікті телефондардықолданып жүргенде оларды осындай орындардан қуаттаймыз деп ойладық па? Бірақ«TEKSAN» компаниясының инженерлерінің күш салуының арқасында бүгін бұны көріпотырмыз, қызықтысы олар енді бізді тағы немен таң қалдыра алады екен.

   

20 қыркүйек 2017 г. 2 591 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 582 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930