» » Ақтаулық оқушылар сыныптастарын діңгекке байлап, үстіне айран шашып жылатты (ВИДЕО)

Ақтаулық оқушылар сыныптастарын діңгекке байлап, үстіне айран шашып жылатты (ВИДЕО)

Ақтаулық мектеп оқушылары сыныптастарын скотчпен діңгекке байлап, үстіне айран шашып қорлады. Оқушылар мұнымен қоймай бағанада байлаулы тұрған құрдастарына жұмыртқа лақтырып, жылатты. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқушылардың жасөсіпірімге қорлық көрсеткені жазылған видео 10 қазан күні Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Бүгінде бұл оқиғаның видеосын Сағира Күзембаева есімді журналист өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Оқиға ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде болған. Жасөспімді қорлаған балалар Ақтау қаласындағы № 8 мектепте сегізінші сыныпта оқиды.
№ 8 мектептің директоры Әселхан Есжанованың айтуынша, сол күні жасөспірімнің туған күні болған. Ал, сыныптастары оны осындай ерекше жолмен құттықтауға шешім қабылдапты.
«Біз оқушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Әңгіме барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор да болды. Екі жақтың да ата-аналары бір-біріне ешқандай шағымдары жоқ екенін айтты», – деді спикер.
Бірақ, сыныптастарын қорлаған оқушылар мектептік тіркеуге алынды.
10 қазан 2018 г. 32 678 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 832 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930