» » Ақтаулық оқушы менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатуға атсалысты

Ақтаулық оқушы менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатуға атсалысты

 Ақтаулық 12 жастағы оқушы Орынгүл Арыстан менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатуға атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол әлемнің 150 білімді оқушысымен бірге 30 мың есепті бар болғаны 26 минут 26 секундта шығарған. Жаңа рекорд Ресейде өткен Еуразиялық әйелдер форумында орнатылды. Есепке жүйрік Орынгүлді бүгін ұстаздары мен сыныптастары құшақ жая қарсы алып, құрмет көрсетті. Оқушы қыз 2, 3 таңбалы есептерді калькулятордан да тез санайды. Ол әр есепке 2 жарым секунд жұмсайды екен. 
Орынгүл Арыстан, №17 мектептің оқушысы:
– Жарыста 150 қыз болды. Барлығымызға бір қарындаш берілді. Ішінде есептер жазылған парақ таратылды. Сосын уақытты қойып, қарындашты бір-бірімізге беріп, кезекпен шығардық, кейін уақытты тоқтатты.
Қарлығаш Әбдірейімова, менталдық арифметика инструкторы:
– Бұл алғашқы жеңісіміз емес. Былтыр 2017 жылы Малайзия елінде халықаралық олимпиада өтті. Онда да қанжығасына 1-орынды байлап келген болатын. 2018 жылы осы тағы да өзінің талантымен қатар өзінің біліктілігін, жан-жақты интеллектуалды алған білімін тағы бір дәлелдеп келді.

02 қазан 2018 г. 1 840 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 931 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031