» » Ақтөбеде оқушыны сабаған полицей туралы жаңа мәлімет шықты (ВИДЕО)

Ақтөбеде оқушыны сабаған полицей туралы жаңа мәлімет шықты (ВИДЕО)

Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқушыны соққыға жыққан тәртіп сақшысы қызметінен қуылды. Онымен қоса баланы ұрып жатқанын көре тұра араша түспеген мектеп директорының орынбасарын да жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы "Edunews.kz" AA КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Білім ошағындағы тәртіпке жауапты инспектордың кесірі басшыларына тиді. Елек ішкі істер бөліміндегі бастықтар қарамағындағы қызметкерлерінің бұзықтығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетелік,  екі апта бұрын инспектор гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге тексеру жүргізген. Сол кезде бір оқушының сабаққа спорттық киіммен келгенін анықтайды. Оны бөлмесіне алып кетіп соққыға жығады. Бұл оқиғадан кейін қаладағы барлық мектептің инспекторлары тексеруден өткен. Ал шу шыққан білім ошағының директорына сөгіс берілді.
«Екінші мектепте қызметтік тексеру өтті. Соның қортындысында мектеп директорының орынбасары Лобанова директордың бұйрығымен жұмыстан босатылды. Қалалық білім бөлімі басқармасының бұйрығымен мектеп директоры Дәнішоваға сөгіс жарияланды», - деді Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
11 қазан 2018 г. 59 719 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 596 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031