» » Жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысып, 12 адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысып, 12 адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Чувашия автожолында 12 адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алғаны хабарланды. Ресей Федерациясының Чуваш республикасында жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысты. Салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Апат Чебоксары аудаындағы М-7 тасжолында кеше кешкі уақытта болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 10 адам жарақат алды. Олардың төртеуі, дәрігерлердің айтуынша, хал үстінде жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шағын автобус заңды жұмыс істейтін адамға тиесілі.

Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды. РФ Қылмыстық кодекстің 264-бабы 5-бөлігі бойынша (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресей Федерациясының Мемлекеттік көліктік бақылау инспекциясының өкілі мәлімдегендей, Mercedes жүк көлігі тыйым салынған жерде қарсы жолаққа шығып кеткен.

12 қазан 2018 г. 55 520 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 735 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930