» » Дильназ Камалова Гарвард университетінде оқуға шақырту алды

Дильназ Камалова Гарвард университетінде оқуға шақырту алды

Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Дильназ Камалова Гарвард Университетінде білім алуға ресми шақырту алды. Жоғары оқу орнында мамандықты 2-ші курста таңдау мүмкіндігі берілген. Дильназ mechanical engineering/computer science мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр,  деп хабарлайды edunews.kz Ақпараттық Агенттігі

Қаржылық көмек, шәкіртақы жөніндегі толық ақпаратты Гарвард Университеті сәуір айында жолдайтынын айтты.

Осыған дейін, 2019 жылы  Алматы NIS ФМБ түлегі Ақназар Қажымұрат пен Селимжан Чалышкан, 2020 жылы Сұлтанәлі Нұрманұлы Гарвард университетіне оқуға түскен болатын.


Дереккөз: edunews.kz Ақпараттық Агенттігі
17 наурыз 2021 г. 2 069 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31