» » Әдістемелік жұмыс - оқу-тәрбие процесін басқару, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен сапасының нәтижесіне қол жеткізу

Әдістемелік жұмыс - оқу-тәрбие процесін басқару, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен сапасының нәтижесіне қол жеткізу

 

Еспаганбетова   Куралай  Щорсовна,

 «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін 

орта мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі   орынбасары, 

Ақтөбе қаласы.  


 Әдістемелік жұмыс-педагогикалық кадрлардың олардың идеялық , ғылыми-теориялық, кәсіби әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жекедара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесі негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады.

Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлерінің бірі - пәндік әдістемелік бірлестіктер.

     Әдістемелік бірлестік (ӘБ) –бір немесе бірнеше оқу пәндері бойынша әдістемелік тәжірибелік және сыныптан тыс жұмысқа жетекшілікті жүзеге асыратын жалпы білім беретін мекеменің қызметінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады. Мектебімізде төмендегідей   әдістемелік бірлестік құрамы  өз жұмыстарын атқарып келеді.

  

 Әдістемелік бірлестік құрамына бекітілген бірлестік жетекшілер , бірлестік мәселелері мен мақсат , міндеттеріне сәйкес жұмыс жасауда.



Әдістемелік жұмыс мұғалімнің білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.Осы бағытта мектебімізде төмендегідей қосымша түрлі әдістемелік  кеңестер мен шығармашылық топтар мақсат, міндеттеріне сәйкес жүйелі түрде жұмыстарын жүргізіп,  нәтижелерге қол жеткізуде.

 

 

Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы тиіс. Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау мен дамытудың да маңызы зор.

Әдістемелік жұмыстардың ең маңызыдысы -мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау.

Педагогикалық іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды. Диагностиканың көмегімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы тәжірибеде айқындалатыны    белгілі.




12 мамыр 2021 г. 21 277 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 934 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031