» » Тағлымы мол – тарихи мектеп

Тағлымы мол – тарихи мектеп

      Мектеп - жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы – білімде болса, ұстанар бағыты тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі – мектепте. Біздің Жібек жолы ауылында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29 наурыз күні салтанатты жиын өтті.
Мектепке  қазақ қоғамы мен мемлекет қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.Жақсының атын иелену, жақсылықтың белгісі ретінде мектеп директоры Болымбекова Анаркул Умаровна барша келген қонақтарды жылы лебізімен қарсы алып, құттықтау сөзімен салтанатты жиынды ашып берді.Айтулы мерекені ұйымдастырып отырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:А.Н.Ускебаева мен О.Б.Тұрманов. Қуанышты күнді бізбен бірге бөлісіп келіп отырған аса мәртебелі қонақтар  Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Алпамыс Айдынұлына сөз кезегі беріліп ақ тілегін тыңдадық. Ауылымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Анисов Базаркелді және ардагер ұстаз Бекен Мұхаммедяров мектептің атауы Ахмет Байтұрсынұлының есімін берілуіне арналған лента қию рәсімін өткізді.

Келесі кезекте «Баталы елге бақ қонар»демекші білім ордамыздағы барша ұжымдастарға тыл ардагер,тәжірибелі ұстаз қазіргі таңда ауылдың сыйлы ақсақалы Жақсылықов Жамалбек атамыздан  ақ батасын  алдық.











Мектеп атауының ауысуына арналған салтанатты жиын барысында педагог ұйымдастырушы Н.Ш.Әліп мектептің қысқаша тарихымен таныстырды.Қарасай ауданы  Жібек жолы ауылында орналасқан жобалық қуаты 1200 оқушыға арналған «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм 2003 жылы салынып, қазан айында қолдануға берілді.Заман талабына сай, қолдануға ыңғайлы жоба бойынша салынған мектеп ғимаратындағы әрбір оқу бөлмесі кең, әрі жарық. Қазіргі заманға инновациялық технологиялармен жабдықталып жатыр.2018 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі таңға дейін Болымбекова Анаркул Умаровна мектеп директоры қызметін атқарып келеді.«Көктем гүлдің бабын ашады, Көсем елдің бағын ашады» дегендей көктемнің алғашқы айында директорымыз У.А.Болымбековамектепке жаңа дем бергендей,  мектебіміз жаңа атау  алыпАхмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп болып аталды.Ашылғанына 18 жыл толған «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» кмм-нің ұжымы оқу мен тәрбие тізгінін тең ұстап, білім беру бағыттары бойынша айтулы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, аудан, облыс, республика, халықаралық көлемде оқушылардың білім биігінен көрінген жеңістерінің куәсі болды.Мектеп ұстаздары аудан, облыс, республика көлемінде өз тәжірибелерін таратып отыр.Ұжымының нәтижелі жұмысының арқасында мектеп осындай дәрежеге жетіп отыр. Мектеп білім тірегі, Ұстаз оның жүрегі деген тіркес осы сөздерімнің мәнін ұқтырғандай.Мектебіміздің атауы өзгеріп Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  орта мектебі болғанын естіген ел марқайып, шәкірт біткен шаттанып, ұстаздарымыз мақтанып жүр. Атақты барша халықты біліммен сусындатқан өр тұлғаның есімін еленіп отырған мектеп ретінде мен өз ұжымдастарым мен шәкірттеріме атына заты сай болатындай шығармашылық табыс тілеймін. 

        Бүгінгідей қуанышты күнімізде шабыттары шарлап, қолдарына қалам алып, қиялдарын қиыстырып армандарымен ұштастыра білген жас тілші ұйымының мүшелері өлең жырларын арнады. Ең үздік шығарма оқушының өзі жазған шығармасы.Көз алдында жүрген ұстазына қарап , ұстаздықты түсінген оқушылар осынау ұлы тұлғаның есімін алып отырған мектептің түлегі боларын естіп кеуделерін қуаныш кернеп, шабыттарын ақ қағазға жазған шәкіртімнің бірі – Наурызбек Бекнұрдың  « Мектепке арнау» өлеңі

Ахмет ата қазағымның ақыны,

Әдебиетке бір табан жақыны.

Білім беру міндетім деп санады,

Әліппенің бір кірпішін қалады.

Алашыма білім беріп оқытты,

Білімдерін көңіліне тоқытты.

Әр адамның оқу қазір парызы,

Білімсіздің өмірге көп қарызы.

Мектебіме ақынның аты берілді,

Білім деген өмірлік жолдас сенімді.

Білімдінің болашағы жарқын ғой.

Білімділер көп болсын көркейтетін елімді!


Автор: «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»  

мемлекеттік мекемесінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

бастауыш сынып мұғалімі:

 Мусаева Айжан Ерланкызы

13 сәуір 2021 г. 1 982 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031