» » Мәтіндік есептерді түсінуде жетелеуші сұрақтарды қолдану

Мәтіндік есептерді түсінуде жетелеуші сұрақтарды қолдану

Абдишева Гульжаз Сериккалиевна

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нің

 бастауыш сынып мұғалімі

Жетісу облысы, Сарқан қаласы

Мәтіндік есептерді  түсінуде  жетелеуші  сұрақтарды қолдану           

 

  «Дұрыс сұрақ қоя білу – ақылдың немесе көрегендіктің маңызды және қажетті белгісі.Сұрақ өз бетінше мағынасыз болып, пайдасыз жауапты талап етіп тұрса, ол адамды мағынасыз жауап беруге итермелеп, оны сәтсіздікке ұшыратады...»                 И.Кант

 Бастауыш  сынып  оқушылары  арасында  кеңінен  тараған қиындықтың  бір  парасы-  математика  пәнінен   келетін  мәтіндік  есептерді  түсінбей, сұрақ  қойып  қажетті  мәліметті  есептей  алмау, шешу  жолдарын  дұрыс  таңдамау, оқушының кейінгі  үлгерімі мен сенімділігіне  тосқауыл  болып жатады. Осы ретте сабақтарда сұрақтарды  жиі қолданып,  сол  сұрақтарды  оқушылардың  өздеріне  құрастырып үйренуге  жетелеп, жоғары  деңгейде  ойланатын  дағдыларын  дамытуға  себепкер болады.  Осы  күнге  дейін  оқушылардың  арасында  қалыптасып  қалған  пікір -  әр  сұрақтың  дайын  дұрыс  жауабы  болу  керек және  сол жауапты  жаттап  алса  болғаны деп  ойлайды.   Сұраққа  жауап  бере  алмай жатса, сенімсіздік  пайда  болып,  жауап  беруде  қорқыныш туындайды.  Осы  тұста   мәтіндік есептерді  түсініп  шығаруда  жетелеуші  сұрақтарды  оқушының  өзіне  құрастырып  айтуға үйреткеніміз  -  цифрлық  мәліметтерді  дұрыс  пайдаланып,  есептеуіне  көмектеседі.

Есеп шығарудағы мақсат — оқушылар игеруге тиісті  негізі білім берілген мәліметтер мен ізделініп отырған мәліметтер арасындағы байланысты игеру болып табылады. Оқушылардың бұл байланыстарды қаншалықты жақсы игергендігі олардың есеп шығара білу біліктілігіне байланысты, Осыны ескере отырып. бастауыш сыныптарда шешуі берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланыстарға негізделетін, тек олардың нақты мазмұны мен берілген сан мәліметтері жағынан ғана айырмашылығы болатын, бір топ есептермен жұмыс жүргізіледі. Мұндай есептер тобын бір түрдегі есептер деп атаймыз.

Есептің мазмұнымен танысқаннан кейін оның шешуін іздестіруге кірісуге болады: оқушылар есепке кірістірілген  шамаларды, берілген сандар мен ізделінетін сандарды айқындай білуі тиіс, берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шамалардың арасындағы байланысты анықтауы тиіс, сөйтіп осылардың негізінде тиісті арифметикалық амалдарды таңдап ала білулері тиіс.  Осы  тұста оқушының есеп  мәтінін  дұрыс түсінгенін   жетелеуші  сұрақтар  арқылы  нақтылай  түскен  дұрыс.  Яғни,  мәтіндегі  цифрлық  мәліметті  жасыра  отырып,  басқа  оқушыларға  сұрақ  қоюын  бірізділікке  жеткізу  көзделеді.                                  Мысалы, 3 – ші сынып есебін қарастырайық

Көше бойындағы бір көшетті  суғару үшін 9 л  су  қажет. Осындай 101  көшетті  суғару  үшін неше  литр  су  қажет?                                            

Оқушыға  цифрды  жасыруды  ұсынамын.  Яғни 9  цифрын атамай,  өзі  сұрақ  қоюы  тиіс.  Сұрақты  қою  үшін,  есеп  шартындағы  сөйлемді  сұраулы  сөйлемге  айналдыруы  тиіс.     Яғни,  оқушы  сұрағы -  1) Көше бойындағы бір көшетті  суғару үшін неше литр   су  қажет екен?   Немесе -   2) 9 литр  су  қанша  көшетке  жетеді?         Осы  тұста  басқа  оқушылар  жауап  беру  үшін  есеп  мәтініне  назар  аударады.   Бірінші  қойылған  сұраулы сөйлем  мәтіндегі  сөйлемге  неше  сөзін қосу  арқылы  жасалды.  Ал  екінші  сұрақ  аздаған  өзгеріске  ұшырап,  басқаша  модельденді.   Осы   ретте  сұрақ  қою  үшін де  бірнеше  ережеге  сүйенген  дұрыс.

  • Сұрақты қояр алдында, мақсатты  нақтылап  алу  керек.
  • Сұрақ түсінікті  түрде  қойылуы  керек.
  • Сұрақ  ойға  қонымды болу  керек.
  • Қажет  болған  жағдайда  сұраққа  түсініктеме  беруге  болады.
  • Сұрақты  қойған  соң,  оқушылардың  түсінгеніне  көз  жеткізу.

  Өзінің  көптеген  зерттеулерінде  Кинг  білім  алушылардың  ой -  өрісінің, тілдерінің  дамуына  зор  ықпал  ететін  фактор ретінде  өзара  тиімді  сұрақ  қою  мен  жауап  беру  жұмыстарын  атайды. Осы  зерттеулердің  нәтижесінде  ол  адамдарды терең  ойланып  сұрақ  қоя  білу  дағдысын  дамытуы  қажет  деп  есептейді. Себебі,  адамдардың көбі  жауап  бермес  бұрын  біраз  ақпаратты  сараптап,   жауап  беруді  талап  ететін  сұрақтардан гөрі,  терең  ойланып  жауап  беруді талап  етпейтін  қарапайым  сұрақтарды  қоюға  әбден  дағдыланған  (мысалы: Қанша болады?  Нешеу керек?)   Осыған  байланысты  ол  білім  алушылардың  ой -  өрісін  дамытуға  ықпал  ететін  тиімді  сұрақтарға  қатысты  жүргізген  өзінің зерттеулерінің  нәтижесінде жалпы  сұрақтардың  кешенін ойлап  құрастырған.  Бұл  сұрақтарды  кез - келген  жағдайға  байланысты өзгертіп  қолдану  барысында  оқушының  ойлау  процесіне  бағыт  беріп,  ол  дағдыларын  қалыптастыруға  болады.  Кингтің  айтуынша, «танысқан мәтіннің  ақпараттарын  қолдана  отырып  бұл  сұрақтарға  жауап  берген  оқушылар  ұсынған  материалды өз  беттерінше  тез  және сапалы  меңгерген».   Осы  ретте  Кингтің  кестесіне  сәйкес  математикада  мәтіндік  есептерді  түсінуде  сұрақ  түрлерінің ішінен   ...неге  маңызды?    моделін  қолдануға  болады.  Яғни,  кестеге  сәйкес,  оқушы  маңыздылығын  сараптау  арқылы  есептің  шешіміне  бағытталады. Маңыздылығын  нақты  түсінсе,   есепті  шешу  жолдарын   анықтай  алады  деуге  болады.     Кингтің  сұрақтар  моделін  оқу  жағдаяты  мен  оқу  мақсатына  қарай  түрлендіріп  үнемі  қолдануға  болады.

  Сұрақ  қою  техникасын  жақсы  меңгерген  бала  келешекте  кез келген  жағдайда  тиімді  сұрақ  қоя  біледі,  яғни,  сұрақ  қою  арқылы  туындаған  мәселені  шешу  жолын  тез  таба  алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Алимов А.Қ. Интербелсенді әдіс – тәсілдерді қолдану. – Алматы, 2015.                                                2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі ) деңгей.                                                                 3. Рысбаева А.Қ., Қулмышева Н.А., Исмаилова А.Т., Түнғатова Н.Ә. Білім алушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті табыстылығын интерактивті оқыту арқылы қалыптастыру. Оқу – әдістемелік құрал. – Алматы - 2010.                                                                                                   4. Яковлев Н.М, Сохор М.А. Методика и техника урока в школе. – М.1985.

17 мамыр 2023 г. 499 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 582 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930