» » Гармоникалық тербелістер

Гармоникалық тербелістер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 

Физика: қарапайым гармоникалық тербелістердің теңдеулеріне сипаттама беру.

Математика: 12.5.3.5 гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеуін шешеді;

КДМ

Кейс әдісі арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Pisa тапсырмалары арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар физика мен математика арасындағы пәнаралық байланыстар негізінде гармоникалық тербелістердің теңдеуін шешу дағдысын қалыптастырады

Бағалау     критерийлері

  • Оқушылар А және φ кез-келген мәндерінде гармониялық тербелестердің процесін сипаттаушы функцияны жазады.
  • Амплитудасын, бастапқы фазасын және тербелес жиілігін табады.
  • Гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеуін шешеді.

Тілдік мақсат

Тілдік мақсат: есептердің мәтіні бойынша функцияны немесе дифференциалдық теңдеуді құрастыруын сипаттайды, есептерді шешу кезінде дифференциалдық теңдеудің шешімін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: гармониялық тербелістің дифференциалдық теңдеуі, шаманың өзгеру жылдамдығы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: берілген құбылыста өзгеретін шамаларды анықтаймыз, енгізген параметрді және ізделетін шаманы байланыстыратын функцияны құрастырамыз.

Harmonic oscillations

Гармонические колебания

Гармоникалық тербелістер

Amplitude

Амплитуда

Амплитуда

Period

Период

Период

Phase difference

Разность фаз

Фазалар айырымы

Frequency (angular)

Частота (угловая)

Жиілік (бұрыштық)

Pendulum

Маятник

Маятник

Displacement

Смещение

Орын ауыстыру

 

Құндылықтарды  дамыту

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыс, жұптық жұмыс арқылы жүзеге асады. Пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер жүргізіледі.

Пәнаралық байланыс

Физика, информатика, үш тілділік.

АКТ қолдану  дағдылары

Интерактивті тақта, интернет ресурстары (сайттар, видеолар), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар.

Бастапқы  білім

Физиканың негізгі ұғымдары (күш, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, жиілік, период, фаза т.б ), интегралдау және дифференциалдау формулалары, дифференциалдық теңдеулер.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

4 минут

3 минут

3 минут

Ұйымдастыру сәті.

Оқушыларға математикалық және серіппелі маятниктерді көрсетіп, келесі сұрақтарды қоямыз.

  • Суреттерде нелер бейнеленген?
  • Күш пен орын ауыстыру тәуелділігі қандай?
  • Бұл процестер қандай тербеліске бағынады?
  • Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Осы сұрақтар арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды, ары қарай мұғалім  оқушыларды  оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелермен таныстырады.

Оқу мақсаттары: Физика: қарапайым гармоникалық тербелістердің теңдеулеріне сипаттама беру.

Математика: 12.5.3.5 гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеуін шешеді.

Күтілетін нәтиже: Физика мен математика арасындағы пәнаралық байланыстар негізінде гармоникалық тербелістердің теңдеуін шешу дағдысы қалыптасады.

Тілдік мақсат аясында оқушылар сабақта қолданылатын терминдерді үш тілде айтады.

Физика мен математика пәндерінің тығыз байланысы әйгілі ғалым А.Эйнштейннің мына сөзімен келтіріледі.

 

Бастапқы білімді тексеру. Оқушылар физика және математикадан осыған дейін өткен формулалаларын еске түсіру мақсатында пазлдарды жинайды. Бұл формулалар оқушыларға сабақ бойы есептерді шығаруда көмектеседі.

Слайд 1

және маятниктер

Слайд 2-4

Слайд 5-6

 

Слайд 7

Ортасы

5 минут

10 минут

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

Оқушылар оқыту ресурсынан алынған бейнероликті қарайды.

Пайда болған  гармониялық тербелестің дифференциалдық теңдеуін талқылап, оның жалпы шешімін табады.

Оқушыларға сұрақ:  өрнегін  түріне келтіру керек, мұнда А және    мен  арқылы өрнектелінеді. Синустар немесе косинустар заңымен өтетін  тербелістер гармониялық  делінеді.

Топтық жұмыс. Оқушыларды топқа  https://nismath.org/topqa_bolu/ сайты арқылы бөліп, гармониялық тербелеске теңдеу құруға тапсырма беріледі. Топтар жұмысты аяқтаған соң шешімдерімен ауысады және өзара бір-бірлерін тексеруді жүзеге асырады.

 

https://www.youtube.com/watch?v=tlWlWu1ouPY

Слайд 8

Слайд 9-10

Соңы

5  минут

Сабақты бекіту. Рефлексия.

 

Үйге тапсырма:  

 

Слайд 12

Слайд 13

 

Автор: 

М.Қ. Мергенбаева,   А. Шеркеп,

Алматы қаласы ХББ НЗМ-нің мұғалімдері

17 мамыр 2021 г. 30 950 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 837 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 077 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031