» » Балалар хорының вокалды – хор дағдыларын дамытуда заманауи әдістерді қолдана отырып, белсенділікті арттыру

Балалар хорының вокалды – хор дағдыларын дамытуда заманауи әдістерді қолдана отырып, белсенділікті арттыру

Кәдірбекова Әйгерім Кәдірбекқызы 

Абай облысы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің  II курс магистранты

“Балалар өнер мектебі” КМҚК педагог-модератор, хормейстер.

Жетекшісі: Бодауова Бақытгүл Кабидоллақызы

Абай облысы Семей қаласы

 

«Балалар хорының вокалды – хор дағдыларын дамытуда заманауи әдістерді қолдана отырып, белсенділікті арттыру»

 

        Шығармашылық белсенді тұлғаны тәрбиелеу Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің басым мақсаты болып табылады ("ҚР гуманитарлық білім тұжырымдамасы" (1994 ж.), "ҚР-дағы этномәдени білім тұжырымдамасы" (1996 ж.).

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі мен рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» мақсаты қолға алынған. Осы сұранысты қамтамасыз ететін Кембридж бағдарламасы деп танылып отыр. Бағдарлама негізі топтық жұмыс. Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады. Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Осындай топтық жұмыс үлгісінде хор ұжымдары мен үйірмелері белсенді жұмыс жасайды.

Балалар өнер мектебінде оқушылардың оқу және іс-әрекетінің синтезі нәтижесінде ғана музыкалық қабілеттер неғұрлым қолайлы және тиімді дамиды, музыкалық-есту мәдениеті қалыптасады (музыкалық шығарманың сипатын сезіну, музыкалық шығармаларға құлақ салу, вокалдық-есту үйлесімін қалыптастыру, әншілік және музыкалық-ырғақтық орындаудағы қарапайым дағдылар).

Осындай музыкалық жұмыстың ең көбірек тараған түрі – хор үйірмесі. Хор үйірмесіне белсене қатысу, баланың музыка тілін жақсы терең түсінуіне әсерін тигізеді. Әрбір хор мүшелерінің өз орындауына жауапкершілігі артып әншілік шеберлікке дағдылануы хор шығармаларының көркем дағдыларын меңгеруіне байланысты жүзеге асады. Олай болса, әр шығарманың мағынасын өз мәнінде сезіну, сол шығарманы беріле орындау баланың музыкаға деген сезімін, ынтасын, орындау шеберлігін тәрбиелейді. Міне, осындай жұмыстар жүргізудің оқушыларға берері мол.

Ал хор үйірмесінің негізгі мақсаты – оқушылардың музыкалық қабілетін арттыру, хор шығармаларына қызықтыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту.

Балалар хорының дауыстары олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Дегенмен, әйелдер хорының дауыстарына ұқсастау болғандықтан, олардың дауысы сопрано және альт деп аталады. Олардың айырмашылығы диапазондарының көлеміне байланысты, жалпы балалар даусының көлемі кішілеу үн шығару сипаты да әлсіздеу және әйелдер даусына карағанда ашық, жарқын естіледі. Сыныптан тыс жұмыстың жарыс түрі конкурстар болып табылады. Олардың міндеті-педагог пен оқушының бірлескен жұмысын қорытындылау, балалардың табысқа ұмтылу сезімін тәрбиелеу. Олардың ішінде: мектепішілік, өңірлік, облыстық, республикалық конурстар.

         Шығармашылық белсенділікті қалыптастыру – музыка мектептерінің  маңызды міндеті, ол: біріншіден, баланың жеке қабілеттерін жан-жақты ашуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, баланың жеке тәжірибесін байытады.

Үшіншіден, балалардың түрлі қызмет түрлеріне қызығушылығын дамытады.

Балалар хорының орындаушылық сипаты жас ерекшеліктеріне байланысты. Хор ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктеріне көп мәселелердің байланысты екенін ұмытпай, естен шығармау дирижердың негізгі міндеті. Міне, осыған байланысты хор үйірмесі оқушылардың жас шамасына қарай үш топқа бөлініп ұйымдастырылады.

1. Кіші сынып оқушыларының хоры – кішкентайлар хоры, бұған 1-2 сынып оқушылары кейде көбінесе 3 сынып оқушыларын қосуға болады.

2. Орта сынып оқушыларының хоры – орташалар хоры, бұған 3-4 сынып оқушылары кейде 5 сынып оқушыларын қосуға болады.

3. Жоғарғы сынып оқушыларының хоры – үлкендер хоры, бұған 5-7 сынып аралығында.

Балалар даусының диапазоны жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей болады (1-кесте):

1-кесте

Балалар жас ерекшеліктері бойынша дауыс диапазондары

р/с

Деңгейі

Жас аралығы

Диапазон

1

0

6 жасарлар

ре1 - до2

2

1 сынып

7-8 жастағы

ре1 / до1 / – до2/ре2/

3

2 сынып

8-9 жастағы

до1 – ре2

4

3 сынып

9-10 жастағы

до1– ре2 /ми2/

5

4 сынып

10-11 жастағы

до1 – ми2; до1 – до2

6

5 сынып

11-12 жастағ

до1 – ми2 /фа2/; сик – ре2

7

6 сынып

12-13 жастағы

до1 – ми2; ляк /сик / – ре2/ до2/

8

7 сынып

13-14 жастағы

ми1/ ре1/ – си1/ до2/; сик – до1

Хор үйірмелерін мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат балалардың дауысындағы болатын мутациялық өзгерістерді еске ала отырып, олардың дауысының өсуі мен қалыптасуына зиян келтірмеу. Хорды мұндай топқа бөлудің тағы бір пайдасы балалардың жас шамасына қарай репертуарларды лайықты таңдауға, яғни мазмұнының көлемі олардың ой-өрісіне лайық болуы, дауыс диапазондарына сай, дәл болуды ескеруге мүмкіншілік жасайды.

Қорыта келгенде, музыкалық-педагогика саласындағы көркемдік-шығармашылық қызметінің бір түрі болып хор өнерінің атқаратын рөлі үлкен және маңызды. Себебі ол оқушыға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді, байқағыштығы мен әсерленгіштігін жетілдіріп, олардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтеді, музыкалық-эстетикалық, музыкалық талғамын, қиялын дамытады. Сонымен хор өнері музыкалық тәрбиенің басты құралы бола отырып, жан-жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге ерекше көңіл аударады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ:

Рашаева, К.Ж. Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту / К.Ж. Рашаева // Әдістемелік қоржын. –2016. №7. –Б. 45.

Айтжанова, Қ. Дәстүрлі психологиялық – физиологиялық негіздері / Қ. Айтжанова // Қазақстан мұғалімі. – 2004. –№1. –Б. 9.

Алдияров, Қ. Педагог психологиясының ерекшеліктері / Қ. Алдияров // Қазақстан мектебі. – 2006. –№11. – Б. 12.

Әбиев, Ж. Педагогика / Ж. Әбиев, С. Бабаев, жәәне т.б. // Алматы.–Дарын. –2004. –Б. 152.

Манашова, С. Сыныптан тыс жұмыстар // Бастауыш мектеп. – 2005. – №1. –Б. 11.

Алиев, Ю.Б. Настольная книга школьного учителя – музыканта / Ю.Б. Алиев. –М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2003. –С. 150-160.

Жарықбаев, Қ.Б. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі / Қ.Б. Жарықбаев, О.С. Сангилбаев. – Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. –Б. 285-287.

 Сабауова, Д. Оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту / Д. Сабауова // Ұлағат.  – 2008. –№11. –Б. 23-24.

 Садықова, Д. Жас ерекшеліктеріне байланысты баланың жеке психологиясын зерттеу / Д. Садықова // Сынып жетекші. –2005. –№1. –Б. 3-5.

18 мамыр 2023 г. 9 649 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 037 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 813 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930