» » Мектептегі спортшылармен кездесу

Мектептегі спортшылармен кездесу

26-30 қараша күндері аралығында №126 орта мектебінде арнаулы пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық ашық сабақтармен жалғасуда. Бірлестік жетекшісі Сүлеймен Гүлмайра - ізденімпаз, еңбекқор ұстаздарымыздың бірі. Апталықтың қорытындысында спорт саласы бойынша жетістікке жеткен шәкірттермен кездесу өткізілді. Мектеп түлектері: "Қайсар" футбол құрамасының ойыншысы - Жақаев Айбол, "Байқоңыр" футбол құрамасының ойыншысы - Меңлібаев Мейіржан және мектебімізде 2009-2014 жылдары оқыған, қазір №35 мектеп-лицейінің оқушысы, тоғызқұмалақтан Азия чемпионы Ахметов Дамир сынды жас спортшылармен өткен кездесу қызықты болды. 

  Кездесуге тоғызқұмалақ ойынынан 2016 жылы Азия чемпионы болған Ахметов Дамир Әскербекұлының нағашы атасы, өз әжесі, бастауыш сыныптағы мұғалімі: ардагер спортшы Елеусінов Мектепхан, еңбек ардагері Төлегенова Балшекер әжей, ардагер ұстаз Тұсмағанбетова Пернекүл апай қатысты. Оқушылар сұрақтарын қойып, ашық пікірлер айтылды. Мектеп директоры Тулегенов Мұрат келген қонақтарға алғысын білдіріп, жас спортшыларға табыстар тіледі. 





















































































 






































№126 орта мектебінің

Дене шынықтыру пәні мұғалімі 

Сүлеймен Гүлмайра Құлтайқызы

15 қаңтар 2019 г. 46 010 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 262 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031