» » Өрлеумен жаңа белестерге!

Өрлеумен жаңа белестерге!

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Bilim Media Group компаниясы бірлесе «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Қашықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» және «Патриотизмді және көшбасшылық қасиеттерді жеке тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі ретінде қалыптастыру» атты онлайн курстарды әзірледі.

Бұл курстарды қазақ және орыс тілдерінде өтуге болады. Курс нәтижесінде ұстаздар барлық қажетті құзыреттерді меңгеріп, оқу бағдарламаларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, Өрлеу филиалдарында сертификаттаудан өтеді.

Ол үшін Bilim қосымшасын Google Play немесе App Store-ден жүктеп алу қажет, сонда ғана ұстаздарға білім беру саласындағы сарапшылардың бейнедәрістері мен білім беру аудиоподкасттары қолжетімді болады.

Құрметті ұстаздар! 

Қосымшаны жүктеп алып, курстарға жазылыңыздар және жұмыстан қол үзбей кәсіби дағдыларыңызды жетілдіріңіз.

 





Автор: Айгүл Нұрақбай,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы  бойынша кәсіби даму институты, PR маманы

10 қараша 2022 г. 794 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 743 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930