» » ӨРЛЕУДЕ ҰСТАЗДАР ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ

ӨРЛЕУДЕ ҰСТАЗДАР ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында  2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында 24 жаңа білім беру бағдарламалары бойынша пәндік біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр. Оның ішінде Алматы облысы бойынша 19, Жетісу облысы бойынша 5 курс.

Пән құзыреттілігін математика, информатика, физика, биология, химия, тарих, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш сынып мұғалімдері жетілдіріп, курс тыңдаушылары практикалық сабақтардың тиімділігі мен жоғары деңгейі жайлы өз әсерлерімен бөлісуде.

Пәндік курстарға байланысты әлеуметтік желілерде осы курсқа қалай жазылуға болатындығы туралы 30-дан астам сауалдар мен жеке хабарламалар түсті.

Педагогтер үшін осынау маңызды сұрақтарға жауап бергіміз келеді:
Курстарға жазылу үшін, Сіз бірінші кезекте өзіңіз жұмыс істейтін мектеп директорына хабарлауыңыз керек.

Сіздің мектебіңіздің директоры пәндік курстарға қатысуға тілек білдірген мұғалімдердің тізімін жасайды, оған Сіз де қосыласыз.

Содан кейін директор бұл тізімді Сіздің облыстағы (қаладағы) Білім бөліміне жібереді.

Білім бөлімі мұндай тізімдерді әр мектептен жинақтап, Өрлеу филиалдарының бекітілген жоспарлары бойынша жалпы тізімді қалыптастырады.

Бұл жалпы тізім Сіздің облыстағы Білім басқармасына жіберіледі.

Білім басқармасы жалпы тізімі бар хатты облысыңыздағы немесе қалаңыздағы «Өрлеу» филиалына жібереді.

Филиал келіп түскен тізімді бекітіп, Білім басқармасына жібереді.

Осы құжаттың негізінде Білім басқармасы курс тыңдаушыларының тізімін бекіту туралы бұйрық шығарады және оны білім бөліміне жібереді.

Білім бөлімі бұйрықты мектеп әкімшілігіне жібереді.

Біліктілікті арттыру курстарында оқыту бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95б.2 бұйрығымен бекітілген.

Бұл курстар білім мен сапаға бағытталғанына сенімдіміз!

Өрлеумен бірге бір қадам алда болыңыздар!

Айгүл Нұрақбай,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы

бойынша кәсіби даму институты,

PR маманы

07 қазан 2022 г. 2 792 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 485 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930