» » Жазғы алаң

Жазғы алаң

«Қосымша білім беру – балалардың жан-жақты дамуының маңызды элементі».

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Балалар өнер мектебі» МКҚК балаларға қосымша білім беретін көп салалы ұйым болып табылады. Оқушылардың білім беру және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымы.

Балалар өнер мектебінің мақсаты:

балалардың қосымша білім алуы үшін ұйымдардың білім беру қызметтерінің қолжетімділігі қамтамасыз ету;
  • оқушылардың шығармашылық әлеуетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау;
  • қоғам өміріне бейімдеу;
  • оқушыларды музыкалық аспапқа, көркем, театр және бейнелеу өнеріне, хореографияға, вокалға, эстетикалық дамыту, табиғи бейімділік пен қабілеттерге үйрету;

Жалпы жаз мезгілі – жарқын эмоциялар мен көңілді демалыс кезеңі. Әсіресе, ойын-сауық сүйгіш балалар үшін жазғы демалыстың орны бөлек. Мектептің қиын сабақтарынан босатылып, ең ұзақ демалысқа асыға жеткен оқушылар үшін жазғы демалыс ең көңілді уақыт. Осы демалыс уақытын балалардың денсаулығына да, шығармашылығына да барынша тиімді болатындай пайдалы етіп өткізу әрбір ата-ана мен білім беру ұйымдарының басты мақсаты.

Жазғы демалысты көңілді әрі тиімді өткізудің ең таптырмас жолы – жазғы алаң ұйымдастыру жазғы демалысты ұйымдастырудың негіздерінің бірі болып табылады.

«Балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 13.06.2023 – 20.06.2023 жылда жазғы сауықтыру алаңының апталығы өтті.

Күн тәртібі аптаның дүйсенбі және жұма күндері таңғы сағат 09:00 мен түскі сағат 12:00 аралығын құраған жазғы алаңның басты мақсаты – жаз мезгілінде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру болды. Аталған мақсатты жүзеге асыру жолында бірқатар міндеттер жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың маусым айын қамтыған жазғы алаң бірінші кезеңінде балалардың назарына түрлі ойын-сауық бағдарламалары, музыкалық шығармашылықтың жан-жақты қыр сырларымен таныстыру және жаттығу ойындары ұсынылды.

13 маусым күні оқушыларды қарсы алып, лагердің ашылуының мақсаты мен жоспары таныстырылды. Жазғы алаңға келген оқушылармен жаттығулар жасап, Көркем эстетикалық және музыкалық бағыттарға бөлініп, әр сынып бойынша көңілді ойын сабақтарымен таныстырылу болды.

Оқушыларға «Жазғы табиғат» тақырыбында өз ойларын парақ бетіне түсіру жұмыстары ұйымдастырылып көркем эстетикалық бағытта жұмыс жүргізілді. Оқушылар аса қызығушылықпен қалаулары бойынша табиғатта, сыныпта өз ойларын парақ бетіне түсіріумен айналысты.


14 маусым күні Домбыра пәні бойынша шығармашылықтарын кеңейтіп, музыкалық сауаттылық, аспапта орындаушылық қабілеттерін дамытумен айналысты. Оқушылардың қызығушылықпен ат салысып, оспапта орындаушылықтарын жарыса көрсету арқылы құлшыныстарының жоғарылығын белсенділіктерінен аңғартты.

15 маусым күні Ұрмалы аспаптар бөлімі бойынша барабан, ксилофон аспаптарының шығу тарихына, ойналу әдістеріне мағлұматта беріліп, аспатың жасалу жолы таныстырылып орындаушылық ерекшеліктерімен жаттықтығып, музыкалық сауаттылық қабілеттерін дамытумен айналысты.


16. маусым күні Вокал бөлімі бойынша дауыс ашу амаларына жаттықтыру жасап, өнердің тағы бір қырымен танысты. Балалар өздерінің жақс көретін әндерін айтып, дауыс ырғақтарына дыюыстық таза әдемі алу амалдарына жұмыстар жүргізілді. Сахналық орындаушылық ережелеріне түсініктемелер берілді.

19 маусым күні Халық, шетел композиторларының өмірі мен творчестволық шығармашылығы бойынша мәліметтер беріліп, мәдени өркениеттің жан-жақтылығына түсініктемелер айтылып таныстырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салысып, білгендерімен бөлісіп, жалпы мәдени өркениет жайында әңгіме сұқбаты жүргізілді.

13-20 маусым күндері Хореография бөлімінің оқушылары күнделікті келіп Классикалық биден жаттығу жұмыстарымен айналысып, классикалық биді билеудің элеметтерін жетілдіру жұмыстарымен айналысты.


Жалпы жазғы алаң кезеңінде Вокал сыныбы бойынша 4 сынып оқушысы Абсамат Айша "17 маусым күні Алматы қаласында өтетін Халықаралық «Almaty Summer Fest» шығармашылық байқауында Л. Хамиди, С. Мұқанов "Бұлбұл» әнін орындап, Оқытушысы Сарбалина Г. С.

\Хореография бөлімінің оқушылар «Қыр гүлдері» шығармасымен «Бас жүлде» иегерлері атанып, шетел Түркия, Испания, Италия қаласында өтетін байғауға 50% жолдама ұтып алды. Оқытушысы: Есеналиева Т. Б.




«Жетісу облысы білім басқармасының

 Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

 «Балалар өнер мектебі» МКҚК

Балалар өнер мектебінің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары,

домбыра сыныбының оқытушысы: Қанабекова Динара Қанатқызы

08 шілде 2023 г. 9 017 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 127 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 863 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031