» » Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда замауи тәсілдерді қолдану қажет

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда замауи тәсілдерді қолдану қажет

Білім беруді дамытудың инновациялық орталық жоспарына сәйкес тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда замауи тәсілдерді қолдану» тақырыбы бойынша онлайн-семинар өтті.

Семинар жұмысына Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы,  Ибраева Г.Р. 2019-2020 оқу жылының білім беру ұйымдарында жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша нормативті-құқықтық тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қашықтық білім беру технологияларын қолдану жағдайында тәрбие жұмысын үйымдастыру» бойынша орталықтың тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы, Аушахманова Б. Т. компьютерлік-ақпараттық технологиялар арқылы білім алушылармен тәрбие жұмысын қашықтық түрінің ұйымдастыру түрлерін және тәрбие үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологиялардың оң жақтарын атап өтті.

«Жобалар арқылы жазғы демалысты ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицейінің тәрбие жөніндегі  директордың орынбасары, Казиева Б.Ә. пандемия кезінде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша «10 кітап», «Мінбер», «Экодизаин», «Зияткерлік зона», «Ерекше талант», «+5» жобаларын ұсынып күтілетін нәтижелерін белгіледі.

«Жобалау қызметі - жазғы демалысты ұйымдастыруға инновациялық және дәстүрлі тәсілдерді  интеграциялаудың бір формасы»  тақырыбы бойынша Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің тәрбие жөніндегі  директордың орынбасары, Кульбекова Ш. М. онлайн режимінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың 7 модулін ұсынып, әр модулдің ерекшелігін сипаттап, ерекше «Ұлағат көзі» модулі «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын онлайн режімінде іске асыру алгоритмімем таныстырды.

«Волонтерлық –  патриотизмнің жоғары  көрінісі» тақырыбы бойынша отралықтың тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің әдіскерлері: Мундуинова К. А., Кожина З.С. еріктілердің жұмыс істеу бағыттары бойынша кеңес беріп, онлай режимінде  жазғы демалысты ұйымдастыруда ұсыныстар берді.

 Успен ауданының Қозыкеткен жалпы орта білім беру мектебінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Құдайбергенова З. Д. «Өлкетану –жазғы демалысты ұйымдастырудағы негізгі бағыттардың  бірі» тақырыбы бойынша  өлкетану бағытында тәрбие беру міндеттерін атап, әлеуметтік серіктестіктермен жұмыс істеу түрлерін көрсетумен бірге онлай режимінде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн-семинар бағдарлама аясында жазғы демалыстың өзекті үрдістер талқыланып, тыңдаушыларға ұсыныстар берілді. 




Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі.
07 мамыр 2020 г. 1 967 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 837 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 740 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930