» ПЕДАГОГТІҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ПЕДАГОГТІҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында білім саласы үшін ең басты ерекшелік – еліміздегі ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпалы бар педагогтер мәртебесіне қатысты маңызды мақсат, міндеттерді саралап беруі [1]. 

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейтесті мәселе болып отыр.

Осыған орай біздің де ең басты мақсатымыз - сапалы білім, саналы тәрбие беру. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін-мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайымда кішіпейіл,бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғарғы саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

Мұғалімдік қызметтің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелегенде әрбір мамандық иесінің сөйлеу шеберлігімен тіл мәдениеті туралы айтпай кетуге болмайды. Мәдениеттілік, ой-өрістің кеңдігі адамның сөз саптауынан жақсы байқалады.

Сөйлесу проблемаларын зерттеуде тілдік тұлға  ретінде сөйлеуші мен тыңдаушыға байланысты мәселелердің орны ерекше. Тілдік тұлға мәселесі Г.И. Богин, Ж.Н.Караулов еңбектерінде сөз болады. Тілдік тұлға сөйлесуде анықталатындықтан, кейде «коммуникативті тұлға» деп те аталады [2].

        Кез келген жағдаятта ең маңызды принцип: дұрыс амандасу. «Сәлем сөздің анасы» деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді. Сондықтан да шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде де, достарының қасында да, ұжымда болсын жағымды атмосфера, психологиялық ахуал туындатып алуы шарт.  Ең бастысы сыныптағы әр оқушыны өз сөзімен иландырып, сендіре білу, олардың психологиялық көңіл-күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, т.б. Бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.

Коммуникативті қызмет сөйлесушілердің позициясы арқылы айқындалады. Сөйлесу барысында  мұғалім мен оқушы бірнеше қызмет атқарады. Атап айтқанда: а) сөйлесуші (адресант); ә)  тыңдаушы (адресат); б)  сөйлесуге белсенді қатысушы ретіндегі  жанама (екінші адресат); г) сөйлесудің пассив қатынасушы ретінде бақылаушының қызметі [3]. Тіл мен сөйлеуді байланыстыратын, бір арнаға құятын – сөйлеу әрекеті екенін айта келіп, профессор З.Ерназарова: «Сөйлеудің негізгі белгілері сөйлеу әрекеті үстінде көрінеді. Оларға: 1) сөйлеуші мен тыңдаушының міндетті қатысы, яғни диалогтік белгі, 2) дайындықсыз, еркін түрде жүзеге асуы, 3) тақырыптың әр алуандығы, 4) сөйлеу жағдаятына тәуелділігі, 5) дайын сөйлеу құрылымдарының болуы жатады. Қатысым (коммуникация) эмоция мен сезімге толы адам қоғамында, адамдар арасында асатындықтан, сөйлемнің тек хабарды жеткізіп, сөйлеуші адаммен байланысты белгілерді жеткізбеуі немесе сөйлесім мазмұнында сөйлеушінің эмоциясы, белгілі құбылысқа қатысты жасалатын қорытындылары, көзқарасы қамтылмауы, берілмеуі мүмкін емес», – дейді [4].

        Қорыта келгенде, педагог амандасу әрекетінде  біріншіден өте әділетті шыншыл, екіншіден, шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше ақыл ой мәдениетіне жету қиын.

 

Әдебиеттер тізімі

  • ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы, А., 05.10.2018
  • Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990, 117-б.
  • Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы: 1989, 19
  •  Амиров Т.А. Функциональная взаимосвязь письменного и звукового языка. М., 1985, 64-б. 18.

С.О.Жолшыбекова,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  

Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша 

ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»

 кафедрасының аға оқытушысы.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі

---
27 қаңтар 2020 г. 2 007 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 782 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 358 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930