Қашықтықтан оқыту - өмір талабы.
Осы сұранысты қанағаттандыруда Ақтау қаласындағы білім бөлімінің
«№14 жалпы білім беру орта мектебінің» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Майра Булекбаеваның бұлшық еттерге, сүйек қозғалыстарына жаттығулар жасап, насихаттауда атқарып жүрген жұмысы жетерлік.
Осы жұмыстардың бір ғана мысалы ретінде қашықтықтан өткен Майраның сабағын айтуға болады. Сабақтың қурылымы жаңартылған бағдарламаға сай жасалған. Бұл сабақ бұрынғыдан өзгерек. Өзгешелегі сол - сабақ тек оқушыға емес, кез келген адамға тигізер пайдасы ұшан - теңіз. Карантин уақытында үйде оқушылар жасаса, денесі шынығады.
Қосымша мәліметтер, танымдық сұрақтармен білімін көбейтеді, әуенмен көңілін көтереді, бәрі өз үйлесімін тауып тұр. Жас мұғалімдерге үйренуге, тәжірибе жинауға пайдасы мол.
Салауатты өмір салтын сақтауға арналған жаттығулар топтамасы сұранысты дөп басып тұрғандай. Әрі жеңіл, әрі өте ыңғайлы. Үйден шықпай, артық күші бойына сыймай жатқан баланың көңілін сергітіп, бір уақыт телефоннан алшақтатып, көз жанарына сергіту беретін осындай жаттығулар тізбегі керек-ақ!
Алдағы уақыттада Булекбаевадан Майра Абильдаевнадан үйренеріміз мол.
Авторы:
Көбесов Біржан Жасталапович
дене шынықтыру мұғалімі, әріптесі.