Химия пәніндегі практикалық жұмыстарды оқытуда тапсырмаға негізделген әдістемені қолдану арқылы сыни ойлау дағдысын дамыту
Бұл зерттеудің мақсаты-мектеп оқушыларына химия пәніндегі практикалық жұмыстарды орындау барысында сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін тапсырмаға негізделген әдістеменің қолдануға болатындығы немесе болмайтындығын айқындау. Сыныптар арасындағы жалпы жетістіктер мен өзіндік сенімділіктің суб-шкаласы бойынша айырмашылықты анықтау мақсатында ANOVA біржақты құралы қолданылды. Нәтижелер бойынша екі сынып арасында жалпы жетістіктер мен өзіндік сенімділіктің суб-шкаласы бойынша айтарлықтай өзгерістер орын алғандығы анықталды. Оң өзгерістер болғандықтан химия пәнін оқытушыларына үшін сыни ойлауды дамытудың сәтті құралы ретінде тапсырмаға негізделген әдістемеcі (task-based learning) ұсынылады.
Кіріспе
Заманауи білім беру жүйесінде ескірген оқу әдістерінің қажеттілігі шамалы, оқытудың барлық деңгейінде сыни ойлауды дамытуды талап етіп отыр. Сыни ойлау демократиялық қоғамдағы ересек өмірдегі жұмыс орнында шешім қабылдау үшін, көшбасшылық жасауда, клиникалық шешім шығаруда, кәсіби өсуде және сапалы үлесін қосуда аса маңызды дағды болып отыр, сонымен қатар біліктіліктің басты критерийлері ретінде демократиялық және көптүрлі қоғамға өз үлесін қосудағы шешімдерін өздері жасауын қамтамасыз етеді (Miedema & Wardekker, 1999; Ten Dam &Volman, 2003). Сондықтан, оқушылардың сыни ойлауын дамыту оқыту үдерісінің өмірлік маңызы бар мақсатына айналып отыр(Astleitner,2002).
Сыни ойлауды дамыту туралы ортақ ойлар көп болғанымен, сыни ойлауды оқыту және оқу барысында ұйымдастыру және жүргізу туралы түрлі бағыттағы ойлар өзара жуыспайды. Бір ғалымдардың ойынша сыни ойлауды дамытудың нақыт жолы немесе стратегиясы болмайтындығын айтса, келесілері нақты әдістер мен стратегияларға сүйену керектігін атап көрсетеді. Браунның(1997) айтуы бойынша, бір пәндегі қалыптасқан сыни ойлау дағдысы келесі аймаққа немесе пәндер легінде қолдану үшін ауыса алады. Педагогтар оқыту барысында жеке бастың дамуы, экологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас бағыттарында дамыту жөнінде көбірек ойлануда, сонымен қатар сыни ойлау дағдысын қалыптасыруды интеграциялауды ұйымдастыруға көңіл бөлуді бастады. Сыни ойлауды дамытуда проблемаға негізделе оқыту немесе тапсырмаға негізделе оқыту, Webquest стратегияларының сәтті нәтижелерге қол жеткізгендігі туралы мәліметтер белгілі(Agnes Tiwari, Patrick Lai, Mike So & Kwan Yuen 2006). Бірақ, жасалынған --қорытындылар аса сенім нығайтпайды. Австралияда өткізілген төрт апталық сапалы зерттеу бағдарламасына қатыскан медициналық факультет студенттері тәжірибе нәтижесінде өздерінің сыни ойлау дағдыларын арттырғандары туралы пікір айтқан. Проблемаға негізделген оқыту (PBL) стратегиялары сыни ойлауға, проблеманы шешуге және оқыту үдерісіне белсене қатысуға, әртүрлі саладағы білімдерін интеграциялауға, синтездеуге ықпал жасайды деп шешкен. 2006 жылғы Tiwari et al. зерттеуінде эксперименталды дизайн орын алған, онда алғашқы курс студенттерін кездейсоқтық ретпен PBL және дәстүрлі оқыту топтарына жіктеген. Бағдарламаны меңгеру барысында PBL әдістемесінің стратегиясын қолданған студенттер оқу жетістіктері дәстүрлі оқыту әдістемені қолданған студенттердің нәтижелерінен ілгері болған. Екі топ арасындағы бірдей бағдарламаны әдістемелік стратегияларды саралап, синтездеу тәжірибемен бөлісуге толыққанды жеткіліксіз деректер болып табылады. Сыни ойлау үдерісіне сыни ойлау дағдылары мен сыни ойлауды орнату (бағдарлау) секілді құрамдас бөліктер кіреді. Көптеген психологтардың пікірінше, сыни ойлауға бейім болу да дамуды жылдамдатады (Facione et al., 1997). Проблемаға негізделген оқыту секілді белсенді оқу әдістерін қолдану барысында сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша оң нәтижелер алынғандығы туралы айғақтар мен дәлелдер белгілі. Алайда, химия пәнін оқыту барысында белсенді әдістер көмегімен сыни ойлау дағдыларын дамыту туралы мәліметтер жеткіліксіз. Осы зерттеу барысында химия пәнін оқытуда тапсырмаға негізделген оқу әдістемесінің (TBL) стратегияларын қолданатын сыныпта оқитын оқушылар мен дәстүрлі оқыту әдістемесін қолданып оқытатын сыныптан айырмашылығы бар-жоқтығын анықтау.
Тапсырмаға негізделген оқыту дегеніміз не (TBL)?
Тапсырмаға негізделген оқу әдістемесі проблемаға негізделген оқу әдістемесіне ұқсайды, алайда өзіндік атрибуттары бар. Бұл оқу және оқыту үдерісіне пәнаралық әдістерді кіріктірген интеграциялық жүйе, оқушыларға әртүрлі пәндерді оқуда көптеген мүмкіндіктер ұсынады(Harden et al., 1996; Harden et al., 2000). TBL әдістемесімен оқыту кезінде оқушылар қиындықтарға жиі ұшырайды, оқушылар проблеманы сараптап, оны шешу үшін қажетті білімді және білікті өз бетінше меңгеруіне тура келеді. Кейде оларғ қиындықты жеңу үшін бірлесіп жұмыс жасауларына тура келеді. Мұғалім өмірден алынған тапсырмалар мен жағдаяттарды тапсырмалар немесе оқу материалдары ретінде ұсынады, сол арқылы оқушыларды ойландыруға бағыттайды. Оқушылар үшін оқу үдерісі қиындық келтіреді, сол арқылы мұғалім оқуға деген қызығушылықты арттырып, ынталандырады. Солай дегенмен, оқу үдерісінде уақыт шектеулерін оқушылар өздері белгілейді. TBL әдістемесімен оқыту кезінде өмірмен байланысы бар тапысрмаларға басымдық беріледі. TBL әдістемесімен оқыту оқыту үдерісінде тапсырманың айналасында жоспарланады. TBL әдістемесімен оқыту тек тапсырманы орындауға немесе тапсырманы орындаудағы нәтижеге бағытталған дүние емес. TBL әдістемесі пәндік білімді терең түсінуді қажет етеді, оқушы тек қана білу және орындау деңгейінде емес, әрбір әрекеттің негізінде жатқан принциптермен заңдылықтарды терең түсіну керек. Даму барысында жалпы біліктіліктермен қатар топта жұмыс жасау секілді дағды қалыптасады. Уайтхедтің (1932) сөзі бойынша білім адам бойында тек осы үшінші кезеңде қалыптасады. TBL әдістемесін қолдану кезінде тапсырманың мазмұнынан оқыту үдерісіне қарай ауысу жүреді, бір фазадан екеінші фазаға ауысады, онда принциптер, білімдер және дағдылар толық қолданысқа ие болады.
Зерттеу әдістемесі
Зерттеу дизайны
Бұл зерттеу барысында біз алдын ала алынатын тестті және соңынан алынатын тестті эксперименталды және салыстырмалы сынып үшін бейімдеп жасадық. Эксперименталды сыныпта практикалық жұмысты оқытуда тапсырмаға негізделген оқыту әдістемесі қолданылды. Салыстырмалы сыныпта дәстүрлі оқыту әдістемесі орын алды. Алдын ала алынған және соңынан алынған тест нәтижелері салыстырылды, екі сынып арасындағы едәуір айырмашылықты көруге болады. Зерттеудің дизайнын келесі схемамен көрсетуге болады:
O1-------X------O2 --------Эксперименталды топ
O1-------Y------O2 --------Салыстырмалы топ
O1-----алғашқы тест O2----- соңғы тест
X— TBL әдістемесін қолданып оқыту Y—дәстүрлі оқытуды қолдану
Зерттеуге қатысушылар
Зерттеуге қатысушылар ретінде 17 және 19 жас аралығындағы 24 жоғары сынып оқушылары таңдалынып алынды. Эксперименталды топта12 оқушы, салыстырмалы топта 12 оқушы болды.
Зерттеу құралы
Зерттеу құралы ретінде Калифорния критикалық ойлау құралы CCTDI (1992) таңдылынып алынды. Бұл құрал арқылы зерттеулерде жасырын ақпаратпен өзін өзі бағалау арқылы сыни ойлауды көп таңдау беруге негізделген әдіс аралық шкалаларына келесі критерийлар жатады:
Нәтижелер
CCTDI тестінің орта балы зерттеуге дейінгі және зерттеуден кейінгі кезеңде 280-нен жоғары 350-ден төмен болған. Бұл мән жалпы сыни ойлаудың мөлшерін көрсетеді. Алдын ала алынған тестте сыни ойлаудың тест нәтижесі бойынша TBL әдістемесі бойынша оқытылған топтың орташа балы 284.4 болған, ал дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылған оқушылардың нәтижелерінің орта балы 281.0 болған. Дегенмен, соңғы сыни ойлаудың тестінде TBL әдістемесі бойынша оқитын оқушылардың орта балы 295.81, ал дәстүрлі әдістемемен оқытылған оқушылардың орта балы 287.3 құраған. Нәтижеге қарасақ орта балл арасында айырмашылық болғанымен өзгеріс пайызы аса үлкен емес. Ал жеке CCTDI тестінің шкалалары бойынша қарайтын болсақ, TBL әдістемесі бойынша оқытылған топта шындықты іздеу және өзіне деген сенімділік, ересектік шкалаларында алғашқы тестке қарағанда әлдеқайда жоғары нәтиже көрсеткен. Басқа сөзбен айтқанда химия пәнінде практикалық жұмысты оқыту барысында тапсырмаға негізделген оқу әдістемесін қолдану арқылы оқушылардың қзіне деген сенімділігін арттырып, шындықты іздеуге бағыттайды.
Қорытынды
Сыни ойлауды дамыту мақсатында оқытудың барлық деңгейінде зерттеу модельдерін CCTDI шкалаларымен үйлестіре қолдану ұсынылады. Көптеген зерттеулердің нәтижелеріне қарай отырып, оқушылардың сыни ойлауына шынайы көмек немесе бағыт бере алмайтындығы туралы ақпарат алынды. Бұл зерттеудің нәтижесінде эксперименталды топ пен салыстырмалы топ арасында тапсырмаға негіздеп оқыту арқылы сыни ойлауға қарай бағыттауға мүмкіндік бар екені көрініс тапты. Оң өзгерістердің орын алуы оқушыларды CCTDI бағыттары бойынша белсенді түрде дамытуға TBL әдістемесі жарайды дегенді білдіреді. Алайда, оқушылар CCTDI критерийлерінің барлық бағытында бірдей дамуды көрсетпеген, сол себепті химиялық эксперименттерді оқытуда CCTDI критерийлерін проблемаға негізделген оқыту (PBL) әдістемесімен үйлестіру, зерттеу және нәтижелерімен жұмыс жасау ұсынылады.
Agnes Tiwаri, Pаtrick Lai, Mike Sо, & Kwan Yuen. (2006). A comparison of the effects of problem-based learning and lecturing on the development of students’ critical thinking. Medical Education, 40, 547–554.
Beth B.Kern. (2000). Structuring financial statement analysis projects to enhance critical thinking skills developments. Journal of accounting education, 18, 341-353.
Candan Ozturk, Gonca Karayagiz Muslu, & Aklime Dicle. (2008). A comparison of problem-based and traditional education on nursing students’ critical thinking dispositions. Nurse Education Today, 28, 627-632.
Dаvid Ben-Chaim, Salit Ron, & Uri Zoller. (2000). The disposition of eleventh-grade science students toward critical thinking. Journal of Science Education and Technology, 9, 149-159.
David Carless. (2007). The suitability of tаsk-based approaches for secondary schools: Perspectives from Hong Kong. System, 35, 595–608. David R. Carless. (2003). Factors in the implementation of task-based teaching in primary schools. System, 31, 485–500.
Hasan ozkan, Berna degirmenci, & Bernа musal. (2006). Task-Based Learning Programme for Clinical Years of Medical Education. Education for Health, 19, 32-42.
Huan Zhang, & Vickie Lambert. (2008). Critical thinking dispositions and learning styles of baccalaureate nursing students from China.
Nursing and Health Sciences, 10, 175–181.
Irma Virjo, Doris Holmberg-marttila, & Karimattila. (2001). Task-based learning (TBL) in undergraduate medical education. Medical Teacher,
23, 56-58.
Julie Ernst, & Martha Monroeb. (2006). The effects of environment-based education on students’ critical thinking skills and disposition toward
critical thinking. Environmental Education Research, 12, 429-443.
Авторлары:
Сахова Айгул Нагатаевна
Толтебаева Фариза Садибековна
Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
химия пәнінің мұғалімдері