» » Білімнің кілті – бастауышта

Білімнің кілті – бастауышта

       Болашақтың ертеңі тәуелсіздігіміздің тұғыры-бүгінгі мектеп бүлдіршіндері. Дербес еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Ал қазіргі таңда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, дамыған елдердің деңгейіне жеткізу көзделіп отыр. Тұлғаның жеке адам болып қалыптасуы бүкіл болмыстың ұйытқысы, осы бастауыштан құрылатынын біз бәріміз білеміз. Оқушыға білім негізін қалау, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ету-мұғалімнің басты міндеті.

     Осыған орай бастауыш сынып мұғалімдері алдында тұрған міндет- педагогикалық қабілеттерімен балалардың шеберлігін шыңдау, оқушы белсенділігін арттыра отырып, білім беру процесінде бәсекеге қабілетті, ізденімпаз, шығармашыл тұлға болуын қамтамасыз ету.

     Қазіргі таңда білім сапасын көтеру мақсатында әр сабақта ізденімпаздықпен баланың білім алуына барлық жағдай жасалған. Осы мақсатта мен өзімнің сабақтарымда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан  ойлау технологиясын пайдаланып келемін. Мұнда оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға,  алған білімдерін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдала білуін қамтамасыз етуге болады.  Белсенді оқу баланың мұғалімді енжар таңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу удерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie2000), ойын «балалары» (Bergen. 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді.(Peters. 1998). Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады.

      Сыни ойлау дағдылары айқын көрініс табатын педагогикалық тәсілдерге мыналар жатады:

  • Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;
  • Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;
  • Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;
  • Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы);
  • Ашық сұрақтарды пайдалану;
  • Дәлел ұсынуға ынталандыру;
  • Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді;
  •       Сыни ойлау дағдыларын қалыптастырудағы басты тәсілдердің бірі-дәлелдеу.
  • Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика пәні үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен , оған  жетудің тәсілдері алуан түрлі. Ал әдебиет, дүниетану сабақтарында  оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім олар үшін тақырыпты білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады. Кез-келген қате түсініктерін анықтай алады. Оған дәлелдеудің 4 кезеңі себепші.
  • Елестету;
  • Салыстыру;
  • Түсіндіру және дәлел келтіру;
  • Мақұлдау;
  • Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады.Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларды шағын топтарда жұмыс істеуге ұсынады.
  •       Қорыта келгенде  жаңа технология арқылы білім беру бастауыш сынып  оқушыларының  ой-өрісін, логикалық ойлауын дамытуға көп әсер береді.
  •       Осының бір дәлелі ретінде сыныбымда өткен сабағымнан бірнеше сурет ұсынайын. Оқушылар топтық жұмыс жасағанды ұнатады.
  • Бірігіп жұмыс жасаса бірталай белестерді бағындыратыны  айқын . Жеке жұмыс барысында бәсекелестік туатынын да байқады. Бәсеке оқушыны алға жетелейді. Топ ұйымшылдыққа , сыйластыққа бауырмашыл болуға тәрбиелеп қана қоймай тығырықтан шығатын жол іздестіреді, өмірмен тығыз байланыстырады.























































  •     
















































  • Иманбердиева Айгуль Карабековна  
    • №83 жалпы орта мектептің
      • бастауыш сынып мұғалімі

      • Шымкент қаласы



  •  
16 қаңтар 2019 г. 6 669 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 547 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930