» » Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні

Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні

      Бала тәрбиесі – ықылым заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі. Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат тұтқан. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-жақты тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының ұлттық тәлімі мен өнегесі бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізге айналуы – ел мүддесі, заман талабы.Қазақ халқы мәдени мұраға бай екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Халқымыздың өмірінде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпаққа қалдырған үлкенде бай мұрасы – ұлттық ойындар.

     Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез – құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлгені жөн. Баланыі ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара – бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Сондықтан ұлттық ойын балаларды тәрбиелеудің де тиімді жолы, тәрбие құралы екендігін дәлелдейді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - дейді атам қазақ. Болашақтың ірге тасы саналатын бала әуелі отбасында, содан кейін мектепке дейінгі мекемелерде, одан кейін мектепте қалыптасатыны баршамызға мәлім. Осы кезеңдегі балдырғандардың негізгі іс – әрекеті – ойын болып табылады. Ойын жәй ермек қана емес, сәбидің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарттары. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді, әрі өте байланысты. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта жетіле түседі. Сәбилерге де, үлкендерге де арналған әр түрлі ұлттық ойындар бар, олар адамның өмірінің әр кезенің қамтиды. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату ісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың көз қарасының, мінез – құлқының қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған.

     Тәрбиеші баланың орынды іс – әрекетін мақұлдай отырып азды – көпті жіберген кемшіліктерді, өздері түсініп, түзеуге бағыттай білуі тиіс. Әрбір бала өз ісімен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттері үйретуі керек. Баланаң рухани дүниесін байыта отырып, жаңа озық тәжірибелерін дер кезіңде насихаттап, оларды бойына дарыту тәрбиеші педагогтардың міндеті. Сондықтан балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінез – құлық ережерелін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамдардың іс – әркетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға тән бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады. Балалардың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең бір ұтымды әдісі.

Ежелден – ақ халқымыздың дәстүрлік танымында сәбилік шақты ойын баласы деп аталғаны мәлім. Бұл пікірдің заңдылығы балаңың өсіп, өркендеуі, дүниені танып білуі ойын мен байланыстылығында. Халық даналығындағы – «Ойнай білмеген, ойлайда білмейді, ойында озған өмірде де озады» - деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың ойынға деген құлқы, қарым – қатынасы, мінез – құлық көріністері олар өсіп, есейгенде де өмірде жалғаса беретініне дәйекті деректер жетерлік. Тәрбиешілер ұлттық ойындарды сабақтың барысында немесе ортасында, аяғында өткізіде Көбіне дене тәрбиесі кезінде қолданады. Сенсорлық тәрбие кезінде қыз қуу ойының кірістіріп өткізуге болады. Тақырыбы: Әр түрлі түстер. Бұл сабақта қыз балаларды бір топ, ұлдарды бір топ етіп алып, қыз қуу ойының бастадым, қай топ жақсыда, бірден жауыла берсе қыздар ұлдарды қамшымен ұрады, ал ұлдар қыздардың қолын алады. Бұл сабақта қыздар жетістікке жетті. Ұлттық ойындардың түрлері өте көп. Дене тәрбиесі сабақтарында: «Арқан тартыс», «Тенге ілу», «Алтыбақан», «Түйе мен бота» т/б ұлттық ойындарды қолданып келе жатыр. Дене тәрбиесі сабағы:

Тақырыбы: Бормен сызылған сызықтан шықпай жүгіру.

Мақсаты: Бормен сызылған сызықтан шықпай жүгіруге және жүгіруге үйрету. Бұл сабақтың ортасында «Түйе мен бота» ұлттық ойының кірістіруге болады. Ол орыс халқының «Тышқан мен мысық» ойыны секілді. Бұл ойынның мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

       Бұл ойын балаларға өте ұнады. Қай сабақта болмасын ұлттық ойындарды кірістіріп ойнатуға болады.




Акимгалиева Фарида Файзрахмановна

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы 

"Балбөбек" бөбекжайының меңгерушісі 

16 ақпан 2022 г. 24 041 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 227 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031