» » Тараздың өнер Тарландары

Тараздың өнер Тарландары

                                            

«Өнер білім бар жұртта тастан сарай салдырған» ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай, өнерлі жандар әрқашанда өз елінің айнасы деп айтуға болады. Өнері бай халықтың мәдениеті де парасаттылығы да жоғары, жалпы осы өнер арқылы ірбір халық өзін - өзі таныта алады екен. «Өнерлінің өрісі кең» демекші ұлы қазақ даласы домбыра толғауымен тебіреніп, ән мен жырға бөленген алтын шежіре, соның ішінде ұлы жібек жолындағы көне Тараз жері өнерге бай өлке. Жамбыл жыраудың есімімен аталып көне тарихтың алтын парағы бола білген Тараз жерінен ақында,  дүлділ де, бұлбұл да, әнші де, биші де, күйші де шыққан.

  Сол ата дәстүр өнер жолын бұл күндері қаншама жастарымыз жалғастырып келеді. «Боламын деген баланың бетін қақпай белін бу» демекші, бұл күндері қаншама жас буындар, өнер айдынында еркін жүзіп келеді. Солардың бірі де бірегейі «Жамбыл облысы білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар сарайы»,    «Оқушылар сарайы» өнер жолындағы талай дарынды шәкірттердің тұсауын кесті. Мекемені басқарып отырған директор Алекеева Арайлым Жұмағалиқызы жас болса да бас болып, өнерлі шәкірттердің таланттарын дамытуда, ұжымның биікке шыңдалуына өз үлесін қосып келеді. Басшы жақсы болса ел озады демекші, ұйымдастырумен еңбек иелерінің ұжымының бірлігінің, ірілігінің арқасында оқушылар сарайының асығы алшысынан түсіп әр бір істері оңынан туып келеді. Осы мекемеде қосымша білім беру педагогі, «Дәстүрлі ән» сабағынан беретін ұлағатты ұстаз Қырықбаева Ақеркенің балаларды өнерге үйретіп тәлім беріп келе жатқанына 27 жыл уақыт болды. Осы жылдар ішінде «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы» деп аталатын мекеме, қазіргі «Оқушылар сарайы» үнемі жаңашылдық замануи сәттерден қалыс қалған емес. Осы жылдар ішінде Тараздың өнер қоржыңына қаншама мақтаулар, қаншама бәйгенің жүлдесі түсіп жатыр.

Осы жылдың қыркүйек айы мен желтоқсан айы аралығында өнерлі шәкірттер қаншама өнер байқауларына қатысып жүлделі орындарды бермей келеді. Мәселен Тараз қаласында өткен «Жас толқын» халықаралық ән-жыр өнер байқауында Үрістенбек Бабыржан - «Бас жүлде», Алишев Мансур - «Бас жүлде», «Ұлы дала ұрпағы» атты Республикалық ән-күй өнер байқауынан «Желдірме» дәстүрлі әншілер ансамблі» – «Бас жүлде, Үрістенбек Бабыржан – «Бас жүлде», Қалқабек Айару – «Бас жүлде» иеленді, иә бірден бес  «Бас жүлде» алу біздің қаламыз үшін үлкен мәртебе.

Сонымен қатар желтоқсан айының 9-10 жұлдызында Түркістан қаласында өткен Республикалық «Арт Бәйтерек» атты өнер байқауында Жомарт Айсезім - 1 орын, Сұлтанхан Даниал - 1орын, Алишев Мансур - 2орын, Ардаққызы Балым - 2 орын, Ерболат Бекзат, Уалихан Нұртілеу дуэт орындап - 3 жүлделі орындарды иеленді.

  Ең басты қуаныш Астана қаласында өткен балалар жылына орай ұйымдастырылған «Бала әлемі» Халықаралық өнер байқауында  5- 1 орынды иеленіп жұлдызымыз жарқырады, «Желдірме» дәстүрлі әншілер ансамблі- 1 орын, жеке орындауда Үрістенбек Бабыржан - 1орын, Жомарт Айсезім-1 орын, Алишев Мансур-1 орын, Қалқабек Айару – 1 орын иеленіп көрермендерді таң қалдырды, Сұлтанхан Даниал – 2 орын, Ерболат Бекзат – 2 орын,  Уалихан Нұртілеу – 2 жүлделі орындарды иеленіп қуанышымызда шек болмады.

Ақерке Тұранқызы «Желдірме» дәстүлі әншілер ансамблін құрғанына 3 жыл болды. Осы үш жыл уақыттың ішінде «Желдірме» дәстүрлі әншілер ансамблі көрерменнің көзайымына айналды, облыс аумағында, қаламызда өтіп жатқан әрбір игі шараның барлығында ансамбль өз өнерлерін жоғары деңгейде халыққа паш етуде. Ансамбль құрамныдағы өнерлі тәрбиеленушілер домбыраның құлағында ойнап, дәстүрлі әндерді нақышына келтіре орындағанда нағыз өнердің киесі екеніндігін байқауға болады. Осыншама өнерді бойларына сіңіріп домбыраны нақышына келтіре орындап, әнді халық жүрегіне жеткізе білген нағыз дарынды жастарға қарап өсер елдің ұрпағы екендігіміз сезіліп тұрады.

Бұл жерде дәстүрлі әнге баулып, қатаң тәртіппен,  өнердің қырымен сырын үйретіп жүрген ұлағатты ұстаз Ақерке Тұранқызына ерекше алғыс білдіруге болады. Иә біздің ұжымның тамаша толағай табыстарымен үлкен жетістіктері біздің облысымыздың көркейуіне өз септігін тигізеді. Өнер халықтікі, мәдениетті елдің өнері мол болады. Республика аумағында «Желдірме» дәстүрлі әншілер ансамблі өз өнерлерімен танымал болып жүр. Өркениетке жету үшін білімді ұрпақ пен өнерлі жастар керек, «Оқушылар сарайы» мекемесінің болашағы зор бұл Жамбыл жерінің талантты жастары, дарынды тәрбиеленушілері өз өнерлерімен әлі биікке самғайды деп, бұдан да жоғары жетістікке қол жеткізеді деп сенеміз.


   Авторы: Тараз қаласы, Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі: Томанова Айжан Жапаровна


 
 
 
28 желтоксан 2022 г. 7 609 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 734 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930