» » Жастар театры ХІІ маусымын «Жібек» мюзиклімен ашады

Жастар театры ХІІ маусымын «Жібек» мюзиклімен ашады

Астананың 20 жылдығына орай Қазақстан өңірлеріндегі Астана қаласының мәдениет күндері аясында Жастар театры 20 қыркүйек – 16 қазан күндері аралығында Алматы, Шымкент, Тараз, Балқаш, Қарағанды қалаларында гастрольдік сапарын ұйымдастыруда. Бұл туралы "Edunews.kz" AA Baq.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Гастроль барысында театр репертуарындағы ең үздік қойылымдарын, жас бүлдіршіндерге арналған Ю.Алесиннің «Золушка» музыкалық еретегісін, Б.Соқпақбаевтың «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» сахналық повесін, У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын, М.Левидің «Жер мен көктің арасы» мелодрамасын, Ж.П.Пило, О.Шультездің «Моцарт» мюзіклін, Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» музыкалық қойылымын және Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклін көрермендер назарына ұсынып, зор қошеметі мен ыстық ықласына бөленді.

Жастар театры ХІІ маусымын 20 қазан күні Евгений Брусиловскийдің заманауи үнде жаңаша өңделген классикалық музыкасымен көркемделген Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклімен шымылдығын түрмек. Қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Айта кетейік, «Жібек» мюзиклі 22 маусым мен 9 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның мәдени астанасы Дегу қаласында өткен ХІІ Халықаралық мюзикл фестивалінің DAEGU INTERNATIONAL MUSICAL FESTIVAL (DIMF) арнайы шақыртуына ие болып, фестиваль төрінде өнер көрсетті. Мюзикл жанры дамыған Франция, Ресей, Ұлыбритания, Чехия, Қытай, Корея, Тайвань сынды ірі мемлекеттермен иық тірестіре өнер көрсету жас ұжым үшін үлкен мәртебе әрі баға жетпес тәжірибе. Қазақ елінің көк туын желбіретіп, ұлттық классикалық туындысын әлемдік аренада халықтың назарына ұсынып, фестивальдің «Арнайы дипломымен» марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 17-21 қыркүйек күндер аралығында өткен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және көрнекті театр актері, режиссер, Қазақстанның халық артисі Р.Сейтметовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрлар фестивалінде дәл осы «Жібек» мюзиклімен бақ сынап, театр майталмандары мен көрермендердің қошеметіне бөленіп, «Үздік қойылым» номинациясына ие болып, Бас жүлдені қанжығасына байлады.

15 қазан 2018 г. 55 790 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 804 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930