» » Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің тақырыбы мен идеясы

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің тақырыбы мен идеясы

Калиолданова Айнур Сагатаевна,

«Қарабұлақ  орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жетісу облысы, Ескелді ауданы

Білім беру ұйымының атауы

«Жетісу облысы білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарабұлақ  орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Бөлім: 

«Абайды оқы, таңырқа!»

Педагогтің аты-жөні:

Калиолданова Айнур Сагатаевна

Күні:

15.11.2022ж

Сынып:  6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің тақырыбы мен идеясы

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

 Сабақтың  мақсаты

Шығарманың негізгі идеясын анықтайды;

Шығармада көтерілген мәселені өлеңнің идеясымен байланыстырып  түсініктеме береді.

Өлеңдегі автор бейнесін талқылайды.

 

ЕББҚ-  (Ойы  шашыраңқы, өз ойын жеткізе алмайтын оқушы)

Өлеңде көтерілген мәселеге  тірек сөздер арқылы түсініктеме береді.

Автор бейнесін  жетекші сұрақтар арқылы  анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, талдау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұйымдастыру)

3 минут

«Бес асыл іс»

Абай сөздері арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызады.

 

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді,  сол арқылы ынтымақтастық орта құрылады.

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

(Өткен білімді еске түсіру)

5 минут

  • Learningapps.org платформасы арқылы сұрақтар ұсынады.
  • Мұғалім өзінің жеке ютуб каналынан танымдық мәлімет көрсетеді.

       Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға бағыттайды.

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен  оқу мақсатын слайд арқылы таныстырады.

Сынып оқушылары сұрақтарға жауап беру арқылы өткен білімді еске түсіреді.

Абайдың өлеңдеріне  байланысты ақпарат алады.

Ребусты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығарады.

Бүгінгі сабақта жасайтын әрекеттерімен

танысады, игерілетін дағдыларды анықтайды.

«Үш шапалақ» әдісі

https://learningapps.org/watch?v=pd0o57kqn22

https://youtu.be/KSztGK9vQFA

пән мұғалімінің   youtube каналы

(Жаңа білім)

 15 минут

 

таймер

 

1.«РИЧ» әдісімен тапсырманы орындау нұсқауымен таныстыру.

2.Абай Құнанбайұлының  «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»  өлеңін аудио арқылы тыңдатады.

 

3.«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі туралы қосымша мәліметті дарынды оқушылар арқылы орындатады.

Топтық жұмысты ұйымдастыру:

1-топ «Детальді оқу» 

2-топ«Зерттей оқу»  тапсырмаларын ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалардың орындалу уақытын  таймерге қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс.

Оқушылар топтарға біріге отырып,  берілген нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындайды:

1. Өлеңді мұқият тыңдап, мазмұнымен танысады.

Оқушылар өлеңнің жазылу тарихы мен  мазмұны туралы ақпарат алады.

1-топ  «Детальді оқу»  тапсырмасы:

Өлеңдегі   тірек сөздердің  астын сызып, олардың мағынасын ашыңыздар.

Тапсырма дескрипторлары:

 - өлеңнен  тірек сөздерді анықтайды- 1 балл

-  тірек сөздердің мағынасын ашады- 1 балл

тірек сөздер арқылы өлеңнің тақырыбын анықтайды- 1 балл

- өлеңнің идеясын ашады- 2 балл

  Жалпы: 5 балл  (1-топ)

2-топ  «Зерттей оқу» тапсырмасы:  Өлеңді түсініп оқып,  идеясы мен көтерілген мәселені анықтаңыздар.

Оларды өзара байланыстырып, түсініктеме беріңіздер. (графикалық органайзерді пайдаланады)  

Абай өлеңде неліктен  «ҮШІН» шылауын қолданған?

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Тапсырма дескрипторлары:

- өлеңнің идеясын 

анықтайды - 1 балл                                         

-өлеңнің идеясы арқылы көтерілген мәселені анықтайды-                                                                        1 балл

 - «үшін» шылауының қолданысын талдайды- 1 балл

- өзара байланыстырып түсініктеме береді- 2 балл

Жалпы: 5 балл    (2-топ)  

 

ЕББҚ оқушыға:

Өлеңнің идеясын  түсіндіру үшін тірек сөздер ұсынылады.

1.Тірек сөздер:  өлең, жастарға, көңілінің көзі ашық,  талапты, тасұр.

2.Автор бейнесін ашуда жетекші сұрақтар қойылады.

- Абай осы өлеңде не туралы айтқан?

- «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» деген өлең жолдарын қалай түсінесің?

 

 

 

 

 

Бағалау критерийлері арқылы бағалау

1.Өлеңнің жазылу идеясын анықтайды;

2.Шығармада көтерілген мәселені табады;

3.Идея мен мәселені өзара байланыстырып,  түсініктеме береді.

 

https://www.youtube.com/watch?v=iWKTX4E9vYg

графикалық органайзер

тұжырымдамалық кесте

(ПӘНДІК ДАҒДЫ)

10 минут

«Оқығанды көңілге  ықыласпен тоқы» айдары

«Айтарым бар»  әдісінің орындалу нұсқаулығымен  таныстырады.

Жұптық жұмыс

Саралау тапсырмалары:

 Берілген клишелерді орынды пайдаланып, өлеңнің идеясы арқылы  автор бейнесін талдаңыздар.

1. Өлеңді өз түсінгенің бойынша айтып көр.

- бұл өлеңнен менің түсінгенім...

- өлең ...   байланысты.

- мен ... екендігін ұқтым.

2. Өлеңдегі  автор бейнесін  анықтаңыздар.

 

-өлеңде  автордың ойы,  ішкі сыры, сезімі,   толғанысы  ...  баяндалады.

-өлеңде автор бейнесі ....  суреттеледі.

-автор оқырманға мынаны жеткізбек болған…

 

Тапсырма дескрипторы:

- берілген клишелерді орынды қолданады- 1 балл

- автор бейнесін талдайды- 2 балл

- өз пікірін білдіреді- 2балл

Жалпы: 5балл

Барлық балл саны – 10

 

 

Бағалау критерийлері арқылы бағалау

1.Өлеңнің идеясы мен автор бейнесін анықтайды;

2. Автор бейнесіне талдау жасайды;

 

«Айтарым бар»

 

Сабақтың соңы

(Бекіту)

7 минут

 

Өлеңнің идеясы мен автор бейнесін тоғыстыру мақсатында «Гауһартас иерархиясы» әдісі

ұсынылады.

 

Балалар, Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі арқылы өз оқырмандарына қандай өсиет қалдырды деп ойлайсыңдар?

 

ActivInspire арқылы жұмыс жасатады.

Оқушылар ұсынылған тұжырымдардың ішінен Абай өлеңіндегі өсиеттерді іріктеп,  маңыздылығына қарай орналастырады және түсініктеме береді.    

(оқушылардың пікірі тыңдалады.)

 

        «Абайдан өсиет»

  • Арсыздық пен ақылсыздықтан аулақ бол!
  • Көңіл көзі ашық, көкірегі ояу азамат бол!
  • Парықсыздарға сөзіңді қор қылма!
  • Сөздің сыртына емес, ішіне үңіл!
  • Жылтырақ сөзге әуестенбе!

    Түйін:

  • Өлең сөздің қадірін біл! Есіл өнерді қор етпе!  
  • Ақынның мақсаты - жастарға үлгі беру.

Комментарий арқылы  бағалау

 

«Тапсырманы тамаша орындадың!»,

«Сенің қолыңнан келеді!» т.б.

 

 

ActivInspire

 

 

(Кері байланыс)

3 минут

«Мен үшін...» 

Қызықты      танымды

            Пайдалы  өнегелі

Қызықсыз

 

Білім алушылар  QR код арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.

 

 

https://forms.gle/7rkefrvg2WhRC5Ey8

Үйге тапсырма

2 минут

Қосымша мәлімет

«Абай» әдеби-танымдық энциклопедиясымен таныстырады.

 

Балаларға арналған

энциклопедиядан

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен QR код арқылы оқып танысады.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жаттау.

 

 

 

 

 








БҮГІНГІ САБАҚТЫҢ ОҚУ МАҚСАТЫ:

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

    6.2.2.1 эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;

Сабақта қолданатын ресустар:

Өлеңді жазу идеясы

Өлеңде көтерілген мәселе

Өлеңнің идеясы көтерілген мәселемен қалай байланысты?




 

 

 

 

 

 

               

 

        

 

                                                             

 


Саралау тапсырмалары:

Қызыл:

- бұл өлеңнен менің түсінгенім...

- өлең ...   байланысты.

-өлеңде автор бейнесі ....  суреттеледі.

Жасыл:

- мен ... екендігін ұқтым.

-өлеңде автор бейнесі ....  суреттеледі.

Сары:

-өлеңде  автордың ойы,  ішкі сыры, сезімі,   толғанысы  ...  баяндалады.

-автор оқырманға мынаны жеткізбек болған…

 

 

 

 

 

 

Саралау тапсырмалары:

Қызыл:

- бұл өлеңнен менің түсінгенім...

- өлең ...   байланысты.

-өлеңде автор бейнесі ....  суреттеледі.

Жасыл:

- мен ... екендігін ұқтым.

-өлеңде автор бейнесі ....  суреттеледі.

Сары:

-өлеңде  автордың ойы,  ішкі сыры, сезімі,   толғанысы  ...  баяндалады.

-автор оқырманға мынаны жеткізбек болған…


«Жетісу облысы білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 «Қарабұлақ  орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» 

өлеңінің тақырыбы мен идеясы

 

             Пән: қазақ әдебиеті 

            Сынып:  6 «А»

            Педагогтің аты-жөні:  Калиолданова Айнур Сагатаевна

             Күні: 15.11.2022ж

18 мамыр 2023 г. 3 885 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 695 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 328 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930