» » Бала өміріндегі ойынның маңызы

Бала өміріндегі ойынның маңызы

Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын көтеру. Бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологиялардың түрлері қолданады. Сондай технологияның түрі –«Ойын арқылы оқыту» технологиясы.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын арқылы өткен сабақ тапсырманы еске тез түсірсе, ал сабақ ортасында оқушының көңіл-күйін көтереді. Ал сабақтың соңында сабақты бекітуді, жинақтауды көздейді. Кез-келген сабағымда ойын түрлерін жиі қолданамын. «Мұғалім қай жерде қателесті?» деген ойынын өрнектерді салыстыруда, заттың ұзындығын, массасын өлшеу барысында қолдандым. Ойын барысында оқушы жауапты өз бетінше іздейді. Өз білімін толықтыру мен кеңейтуге тұрақты түрде араласады. Берілген тапсырманың қатесін іздеу барысында байқағыштық, іздемпаздық, белсенділігін қалыптастырады. Сонымен қатар тек математика сабағына ғана емес барлық сабақтарға қолданылған тиімді. Біріншіден оқушы өзінің жұмысын тексергеннен гөрі басқалардың жұмысын тексергенді ұнатады. Екіншіден жұмысты тексере отырып есте сақтау қабілетін дамытады. Әрі ойын арқылы көптеген мәліметтер жинақтайды. Әсіресе жұппен орындалатын ойындар жұбының ойын тыңдауға, бірге шешім қабылдауға, жұмысын дәлелдеуге ықпал ететінін байқадым. «Жұбыңмен бөліс», «Домино», «Тапсырма менен, жауабын тап», «Бірге ойлаймыз» т.с.с ойындар оқушылардың ізденісі мен шығармашылығын арттырды. Әрі оқушылардың ұйымшылыдықпен жұмыс істеуіне жайлы орта құрылды. Оқушылардың барлығы сабаққа қатысады. Жұпты бағалау кезінде деңгейлері анықталады. Сонымен қатар табысты оқуға жол ашады.

Егер мұғалім оқушыны сабақ беру үдерісінің барлық аспектісіне белсенді қатыстыра алмаса онда нәтиже жетістікке жете алмайды. Ғылыми деректерге сүйенсек К.К.Платонованың зерттеулері төмендегідей көрініс береді: есту арқылы -10, көру арқылы-30, қарапайым әрекет – 50, ал белсенді әрекет арқылы -90 пайыз есте сақтау пәрмендігі көрсетілген. Ал мұғалімге арналған нұсқаулықта оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызын пирамида арқылы көрсеткен. [34 бет]

Оқу пирамидасы

Сондықтан да біз сабақтарымзда ойын әдістерін көптеп қолданатын болсақ, онда ойын балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге деген қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюуына баулиды және олардың зейінін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады.

Қорыта айтқанда, ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, сабақтықтың әсерлілігі мен тартымдылығы жоғары болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың өзекті мәселелері: теориясы мен практикасы» республикалық семинар еңбектері Тараз, 5-6 сәуір 2011ж.

2. «Тағылым» Республикалық ғылыми –әдістемелік  журнал №9 (80) 2020 жыл

3. «Кел, ойнайық» Қ.Толыбаев 2011 ж.



СУЛТАНОВА ФАРИДА

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог- модератор

Астана қаласы



18 мамыр 2023 г. 6 033 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 230 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 614 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031