» » Зияткер оқушылар ұлттық ойын тоғызқұмалақтан спартакиадаға қатысты

Зияткер оқушылар ұлттық ойын тоғызқұмалақтан спартакиадаға қатысты

10-13 қазан аралығында өткен NIS-тің дәстүрлі желілік тоғызқұмалақ спартакиадасына Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен іріктеуде кіл жүйрік атанған 4 оқушы қатысты. Олардың мақсаты – жылдар бойы жинаған дағдыларын сайыста қайта сынап көру. Ойыншылардың бірі Нұрай Махамбетәлі биыл қатарынан төртінші рет спартакиада қатысушылар тізімінде. Тоғызқұмалақ – математиканы өмірде қолданудың жолы деп білетін қайсар қыз жеңілуден қорықпайды:

– Зияткерлік мектепке оқуға түскелі тоғызқұмалақ ойнаймын және жыл сайын спартакиада қатысушысымын. Әр жылғы ойын мен үшін жаңа тәжірибе. Болашақта шет елде білім алу мақсатым болса, тоғызқұмалақ интеллектуалды ойынын шет елдік достарыма дәріптеу арманым, – деді өз сұхбатында.

Ал Альбинаның «тоғызқұмалақтан» алғашқы сайысы болса да, сайыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық интеллектуалды ойынды достарынан үйреніп, NIS қабырғасында кәсіби деңгейге дейін көтерілген ол, спартакиаданың табысты аяқтағанына сенімді.

– Сайысқа асқан ыждағаттылықпен дайындалдым. «Тоғызқұмалақ» туралы оқыған кітаптарым мен онлайн платформадағы күнделікті жаттығулар ойын барысында көмегін тигізуде. «Тоғызқұмалақта» әрдайым бір қадам алда ойлану керек. Оның күрделілігі де сонда, – деді Альбина Әбдібекова.

Сондай ақ зияткер ойын спартакиадасында ағайынды Асылбековтар бақ сынасты. Арсен мен Алинұр соңғы үш жылдан бері тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады. Алинұр былтырғы спартакиадаға қатысуын, бұл жолғы ойында олжа деп біледі:

– Тоғызқұмалақ санамда қазақтың кең даласымен байланысады. Ойын барысында екі жеткіншектің жерде құмалақтармен ойнап отырғаны елестей берді. Сондықтан шахматқа қарағанда бұл ойын маған оңайырақ және қызықты, – деді ол.

 Арсен үш күннің нәтижесі бойынша жеті ойынның төртеуінде қарсыласын қапы қалдырғанын жеңістің белгісі деп біледі. Оның ойынша сыни көзқарастың тоғызқұмалақта үлесі жоғары. 

Дереккөз: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызыметі
14 қазан 2022 г. 1 368 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 751 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930