» » Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға

Мен, Кокчаева Гульнара Нурахметовна 12.06.1970 жылы ШҚО «Семей» қаласының Көкпекті ауданы, «Большевик» совхозында дүниеге келдім.1989 жылы СССР-дың 50 жылдығы атындағы «Өскемен» педагогикалық училищесіне оқуға түстім. 1989 жылы аталған оқу орнын бітірдім.

1989 жылдың қыркүйек айында «Семей» қаласы Көкпекті ауданы «Большевик» совхозында бастауыш сынып мұғалімі және оқу ісінің  меңгерушісі болып жұмысқа орналастым.

1998 жылы Шәкәрім атындағы «Семей» мемлекеттік университеттің тарих мамандығы бойынша оқуға түстім. 2003 жылы қызыл дипломмен тәмәмдадым.

1998 жылы Семей қаласының №32 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалдым.

2004 жылы Астана қаласының №2 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі және тарих мұғалімі ретінде жұмыс атқардым және оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істедім.

2008 жылы  Астана қаласының №59 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде қабылдандым.

2011 жылы Астана қаласының №66 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін.

2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне оқуға түстім. «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»  мамандығын оқып бітірдім. 2020 жылы бакалавры дәрежесі берілді.

2020 жылы Мәскеу халықаралық академиясына оқуға түстім. 2022 жылы «Alikhan Bokeikhan University»  атындағы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.

Жасымнан білімнің жүрмін жетегінде,

                                  Ойлаймын деп түбіне жетемін бе?

Ашқаннан көзімде әліппе, туып өстім

   Семей қаласы, Көкпекті елді мекенінде.

                                   Замана көрмесемде қыспалығын,

    Мақсат пен қайраттанып шыққан ұғым,

                                   Еңбек орным «№66 мектеп-лицей»

                                   Бастауыш сыныптардың ұстазымын.

                                   Терең ойдан шықса сөз бұлақ ақты,

                                   Бұл сөзі қазағымның ұлағатты.

                                   Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

            Нұрахметқызы мен боламын Гульнара атты.

     Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы  ауылдың мектебінен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. Ия, 37 жыл азда емес, көп те емес. «Еңбегің болса  өнімдей уақытың өтер білінбей» демекші әр сағат әр минутымды осы шәкірттерімнің талабы мен талғамына арнап, біліммен тереңге түсіп оқумен ойланта білдім, осылай тәрбиелеп шығарған шәкірттерімде сансыз. Мектеп-балалардың екінші үйі, ал ұстаздар екінші анасы десем артық болмайды. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде.

Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі.Ол мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.

Осылайша, кез – келген өркениетті ел болашағына деген сеніммен жас ұрпақтың жан – дүниесін, қоғамдық көзқарасын, бүкіл азаматттық болмысын қалыптастыратын қасиетті шаңырақ – мектеп үйін 1-ші орынға қоямын. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Олар бүгінгі жас ұрпақ.

«Өмірімнің көктемі – алтын бесік мектебім» – демекші. Білімнің үлкен жолы бастауыштың табалдырығын аттаудан басталды.

         «Адамның бір қызығы бала деген,

         Баланы оқытудан жек көрмедім» - деп ұлы ақын Абай айтқандай, баланың өз бетіндік жұмысының ұйтқысы, алғашқы ұстазы – тәрбиеші педагог. Жас ұрпақты оқытып - тәрбиелеудегі іс-тәжірибемді жинақтай келіп, ойымды ортаға салуды жөн көрдім. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде көптеген жұмыстар жүргізіп келдім.

         Менің методикам бірден емес, біртіндеп, ұсақ бөлшектерден, кішкентай «кірпіштерден» қаланды. Бүгінгі оқытудың басты талабы – сабақ сапасын арттыру еді. Дегенмен де көкейге қонымды, шәкіртке пайдалы мұғалімге тиімді шыққан бірер сабақтарымнан да көруге болады. Мұғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарды үйрете білуден байқалады.

 Мұғалім қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын – тұлға деп білемін.

  • «Бақыт деген -менің бала күндерім»

Менің бала күнгі арманым мұғалім болу еді. Мектеп табалдырығында жүргенімде ұстаздарға еліктеп өстім. Менің қадір тұтатын ұстазым, бастауыш сыныпқа келгенде қолыма алғаш әліппені ұстатқан Сәуле апай. Сәуле апайдан білім мен тәрбие алдым. Апайдың келбеті менің ұстаздың жолымда көрініс тапты. Өз-өзін ұстауы, мәдениетті сөйлеуі, адамгершілік қасиеті, сабақ түсіндіргендегі көрінісі, менің осы мамандықты таңдауыма себеп болды. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Мектеп табалдырығын мұғалім болып аттағанда мектепке алғаш оқушы болып келген кезімдегідей толқыдым. Әрине менде бәрі жақсы болды. Сабақ берген әр күнімнен өзімде сабақ ала бастадым. Күнделікті баланы зерттеу менің мамандығымның бір белесі болды. Сабақ түсіндіріп тұрғанда балаларға үнемі назар аударып тұру керектігін көрдім. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.                                               Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөледі. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні менің көз алдымызда өтіп жатыр.Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпады. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына  мұғалімдер еншісінде. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.

                                                                                                                                                2. «Тамыры тереңге жайылған Кокчаевтар отбасы– ұстаздар династиясы».

Мен, Кокчаевтар әулетіне келін болып түстім. Осы Кокчаевтар әулетінен тараған немерелер мен түскен келіндердің  көбісі ұстаздық жолында. Он баланың ішінде сегіз ұл мен екі қыз тәрбиеледі. Анам Закирова Балхинур, атам  Кокчаев Қинаят мектепте талай жыл бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасады.Осы үйдің екінші ұлы  Қасенов Мерхат домбыра мектебінің директоры болып  қызмет атқарды. Үйдің үлкен қызы Қинаятова Бағдатта ұстаздық жолында талай жыл еңбек етті. Екінші қызы Қинаятова Зульфира да мұғалім болып жұмыс жасады. Қазіргі таңда немересі Қасенова Жанна да бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.Ұстаздықтың ауыр бейнетін кешіп жүріп, талай дарынды баланың бағын ашқан, ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған Кокчаевтар әулеті. Ұстаздар династиясын жалғаған балалары да ел алдында үлкен қызметтегі лауазымды тұлғалар ретінде қалыптасқан. Ұстаздық мамандығының тіреуші болып келе жатқан осы әулеттің мүшелері ата жолды сақтағандарын мақтаныш етеді. Әке артынан ерген ұрпағының бойын отбасы тұтастығын мен құндылығын сіңірдім деген сенімде. Үлгілі өнеге беретін отбасынан шыққан ұстаздар оқушыларды жетістікке жетелеуді бірінші орынға қояды. Тек үйретіп қана қоймай, белестерді бағындырып бәсекелестікке қабілетті жан етіп шығаруды міндет деп санайды.

«Мұғалім -мәртебелі мамандық»                                                                                   Ең басты міндетім –қазақ елінің болашағына адал қызмет ететін, ар-намысы биік, парасатты ұрпақ тәрбиелесем, елдің дамуына қосқан нақты үлесім болмақ. Ұстаздың еңбегінің нәтижесі шәкірттің берген жемісінен білінеді. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Мен үшін одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын. Бүгінгі күнде Олжабаева Дария анамның арманын орындап, білімді де, білікті ұстаз атандым! Бұл кәсіптің қиындығы мен қуанышы қатар жүреді, сынақтарға сынбай,  өз-өзімен жұмыс жасап, жан-жақты дамитын болсам, өз мамандығымның майталманы боларым анық. Мен тәжірибеме сүйенетін болсам, көп нәрсені бастан өткердім. Оқушым жылаған кезде, жылап күлген кезде, күлуге тырыстым,оны тыңдап, жүрегіне жол тауып, жетістікке жетеледім. Енді сол ерен еңбегімнің жемісін көріп келе жатырмын. Мен шәкірттің шырағын жағу үшін  мен мектептемін» дегім келеді. Расымен, ұстаздығымды шексіз сүйемін. А.Байтұрсынұлы «бір әріп үйреткен адамға 40 жыл қарыз боласың» деп айтып кеткендей, ұстаз - баланың бағбаны. Мұғалім – мәртебелі де, мерейлі мамандық. Өйткені мұғалімнен сабақ алмайтын, мектеп табылдырығын аттамайтын адам болмайды. Ғалым да, шахтер де, президент те мұғалімнің алдынан өтіп, білім алады, жетіледі. Ұстаздық – ол барлық мамандықтың анасы. Ұстаз - батылдықты да, батырлықты да баланың бойына сіңіреді. Оның құлаққа жағымды жылы дауысы, мейірімді жүзі, тіпті жүріс-тұрысынан сөйлеген сөзіне дейін жақын балаймыз. Кейде мұғалімге қарап пәнді таңдап, оны сүйсіне оқығанымыз, сол ғылымға ерекше көңіл бөлгеніміздің өзі ұстаздың арқасында деп білемін.


Кокчаева Гульнара Нурахметовна.  

Астана қаласы 

«Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицей»

16 қаңтар 2025 г. 85 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 20 239 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 404 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031