Заманауи «SMART ILIM» мектебіндегі сапалы білім жүйесі
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орнындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу.21 ғасыр дамыған технологиялар заманы, яғни берілген мүмкіншілікті мейлінше пайданалып,озық білім алуға ұмтылыс жасайтын кезең. «SMART ILIM» мектеп – гимназиясы оқушылардың сапалы білім алып, ел іргесін көтерер саналы ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасайды. 2018 жылы Актуреев Бердәулет Абдикадырұлының қолдауымен құрылысы жандана түсті. Көпшілікке көзайым бұл мектеп Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылының оқушыларына 2020 жылы пайдалануға берілді. Үш қабатты мектеп, заманауи стильде салынған. Бір ауысымда 525 орынға есептелген қуаттылық,1050 балаға арналған. Мектепте 72 мұғалім жұмыс атқарады.Гимназия мектебі бірнеше блоктан тұрады. Мектептің материалдық -техникалық базасы барлық заманауи құрал -жабдықтармен жабдықталған.
Мектептің өркендеп алға қарай жылжуы басшының қолында екені белгілі. Ал бұл мектепті Киынбаева Бибинур Сагидуллаевна басқаруда. Білікті басшы мектеп ұжымының жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, жаңашыл іс-шараларға ұйытқы бола білуде. Мектеп басшысы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде 2004-2008 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алып шыққан. «SMART ILIM» мектеп-гимназиясына директор лауазымына тағайындалмастан бұрын, 2008-2020 жылдары Ақтау қалалық «Мейірбике» медициналық колледжі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі қызметін атқарған.
Өз кезегінде, «SMART ILIM» мектеп-гимназиясы мектеп ашылғаннан бастап директордың оқу-ісінің орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Зулхарова Айнагул Бакыткалиевна 22 қараша 1977 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алғашқы ұстаздық еңбек жолын Балқұдық орта мектебінде бастаған. Жұмыс жасаған жылдары түрлі қызметтер атқарған: пән мұғалімі, сынып жетекші, тәлімгер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары сынды тәжірибесі мол ұстаз . Жұмысының нәтижесінде көптеген жетістіктерге жете отырып, «Қазақстанның Алтын кітабына» енген.
Директордың жалпы оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.Бекесова Гулназ Ханжаровна Манғыстау облысы, Бейнеу ауданында 1987 жылы дүниеге келген. Еңбек жолы Ш.Есенов атындағы КМТЖИУ университеті және де Маңғыстау гуманитарлық техникалық университеттерінде өткен. Қазіргі таңда «SMART ILIM» мектеп-гимназиясында адал қызмет етіп, шәкірттерін тәрбиелеуде.
Тлеубаев Самат Хожалепесович 1984 жылы Қарақалпақстан Республикасы Хожели қаласында дүниеге келген. 2005 жылы бастап Хожели районы №71 мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс атқарған.2005 жылы Әжинияз атындағы Нөкіс педагогикалық инистутына педагогика-психалогия магистратураға түсті. «Қазақстан Республикасы дене-шынықтыру дайындығының президенттік сынақ өткізу» бойынша 18-23 жас, 24-39 жас, 40-49 жас арасында аудандық жарысына белсене катысканы үшін марапатталған.Білім жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен жетістіктері жетерлік.