» » Тәрбие бастауы балабақшадан

Тәрбие бастауы балабақшадан

 Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу мектепке дейінгі мекемелерден бастау алады.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру баланың ғана емес еліміздің болашағын қалайтынын естен шығармауымыз керек.Тәрбие саласын бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыруды өз міндетіміз  деп біліп, әр күнді балалармен қызықты өткізу үшін, түрлі жаңа заманауи  технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануда  біздің ұжым белсенділік танытуда.Тәрбиешілердің  тәрбиелеу үрдісіне жаңа көзқараспен қарауы қуантарлық жайт.Көзі ашық көкірегі ояу педагогтар біріге отырып «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып болашақ ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда.Әрбір педагогтың шығармашылық жұмыстарының шыңдалуына көмек көрсетіледі.Педагог тәрбиешілердің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын тиімді пайдалануда. Олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап,шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беруде,қазіргі заманға сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білуі әдіскердің іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісі белгілі бір салада білімді болуды, тез өзгеріп отыратын өмірде нәтижелі жұмыс істеуді талап етеді.Сондықтан да тәрбиеші педагогтар арасында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.                                   Әдіскер педагогикалық іс шараларды ұйымдастыруда тәжірибелі тәрбиешімен, арнайы  педагог мамандарымен ақылдасып,олардың ұсыныстары мен сыни көзқарастарын ескеріп тәжірибесі мен білімін қолдану қашан да оң нәтижесін беретінін айтқым келеді.Әдіскер өзінің де, ұжымдағы педагог тәрбиешілердің де өзіндік «портфолиосы» болуы қарастырамыз.Өзіндік порфолио ол педагогтың өз іс әрекетінің  нәтижесі мен процесін өзіндік бақылауы, яғни кәсіптік дамуы болып табылады.Кәсіптік портфолионы құру кез келген педаготың негізгі іс- әрекеті болуы шарт.Портфолио педагогтарға  тәжірибелік іс-әрекет нәтижелерін көрсетуге,  өзінің  кәсіби құзыреттілігін бағалауға және өз жұмысына салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылық  мүмкіндіктерін анықтауға жағдай туғызады, ал ең маңыздысы  өздігімен кәсіби  деңгейлерін көтеріп, мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады.Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарылату емес,әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарылағандығын көрсетеді.Педагогтардың шығармашылық жұмыстарының арқасында балабақша тәрбиешілерінің арасында  «Үздік тәрбиеші», «Сөз мергені» сиаяқты сайыстар өткізілді.

 Бүлдіршіндер арасында шығармашылық танымын қалыптастыру мақсатында  «Әнші балапан», «Әлем бала көзімен» сияқты байқаулар ұйымдастырылды.Сонымен қатар жоспарлы түрде  «ашық есік» күні мен жиналыстар, ата-аналармен дөңгелек үстел, тренингтер өткізіліп тұрады.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тағылым көнермей, заман ағымымен өзгеріп жетіліп отырады.Сана сезімді, ар ұяттың аражігін айқындайтын игі дәстүрді көненің көзіндей сақтап, келер ұрпақтың бойына сіңіретін білімді де, білікті ұстаздар қауымы.Қазақ халқының даналығы – тәрбие тағылымының тамыры терең әрі таусылмас қазынасы.Осынау даналықты өнеге тұтқан жаңашыл педагогтар тәрбие иірімдерін бүлдіршіндің жүрек түкпірі мен жан дүниесіне ұялатуда.Олар қайратты да, жігерлі, ибалы да инабатты, батыл ұрпақ тәрбиелейтіндігіне сенемін.

Атырау облысы,Жылыой ауданы ,Құлсары қаласы

КМҚК «Әсем» ясли балабақша  әдіскері Нысанова Б.І.        

23 тамыз 2017 г. 13 403 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 834 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930