» » Педагогтарды міндетінен тыс жұмысқа тартпаңыздар

Педагогтарды міндетінен тыс жұмысқа тартпаңыздар

   "Білім және ғылым министрлігі университеттерден ешқандай құжаттарды талап етпейді. Әртүрлі реформалар жүзеге асырылып жатыр. Олар керек. Алайда соның ішінде ең басты мәселенің бірі – педагогтарға кедергі жасайтын есеп, жалақы және дербестік мәселесі. Біз мектептер бойынша арнайы бұйрықтар қабылдап, толтыратын нақты тізімді бекіттік". Асхат Аймағамбетов Министрлік аппаратының отырысында осылай айтты, деп хабарлайды edunews.kz Ақпараттық Агенттігі 24.kz Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.
 «Қазіргі уақытта біз академиялық және басқарушы құзыреттердің бәрін университеттерге беріп жатырмыз. Соның шеңберінде министрлік реттеп отырған әртүрлі құжаттың бәрін алып тастадық. 2 қыркүйек күні бұйрыққа қол қойып, оны Әділет министрлігіне тіркедік. Енді осы бұйрықтың шеңберінде жұмыс істеу керек. Білім және ғылым министрлігі университеттерден ешқандай құжаттарды талап етпейді. Қазір миға сыймайтын есеп түрлері бар. Мойындау керек. Кәсіпті айқындау журналы, жұмысқа орналасқаны туралы анықтама талап етіледі. ЖОО-лардың бәрі демеймін, бірақ біразы әлі күнге дейін осы анықтаманы талап етіп жүр. Оның не керегі бар? Білім және ғылым министрлігіне ол құжат мүлде керек емес. Жұмысқа орналасу көрсеткішін біз басқа мемлекеттік органдардың электронды базасынан ала саламыз. Мәліметтер жетеді. Тіпті педагогтарға ойға сыймайтын талапты қоятындар бар. Әсіресе жазда кейбір ЖОО-лардағы педагогтардың жұмысы қаншама абитуриентті оқу орнына тарта алатынына байланысты бағаланады. Бұл тіпті нонсенс. Шын мәнінде педагог өз ісімен айналысуы керек», - деді ол.

Дереккөз: 24.kz Ақпараттық Агенттігі
22 қыркүйек 2020 г. 35 320 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 696 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930