» » А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т

 

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық әдістемелік орталығы» КММ және Түркия Республикасы Гази университетінің Гази білім беру факультеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология факультеті, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің педагогика  және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Қырғызстан Эл Аралық Университеті тіл факультеті Сіздерді 2025 жылдың 21 ақпанында PISA-2025 халықаралық зерттеуіне байланысты  ұйымдастырылатын «Функционалдық сауаттылықты дамытудағы табысты тәжірибелер және жаңа бағыттар» атты - халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Халықаралық конференцияның мақсаты: Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған әдіснамалық жүйені, заманауи әдіс-тәсілдерді талқылау және білім беру үдерісіндегі озық тәжірибелерді бөлісу, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Конференцияның міндеттері:

  • оқушылардың функционалдық (оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми) сауаттылығын арттыратын әдістемелік ұсынымдар арқылы білім сапасын арттыруға қолдау жасау;  
  • білім беру жүйесін халықаралық стандарт талабына сай бейімдеудің жолдарын көрсету;
  • оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, өмірлік және практикалық дағдыларын дамытуға арналған заманауи білім беру технологияларын енгізу;
  • семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптарды ұйымдастырып, мұғалімдерді кәсіби тұрғыда дамыту.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша  жүргізіледі:

  • Функционалдық сауаттылықты дамыту шеңберіндегі жаңалықтар мен талаптар 
  • Оқу сауаттылығын дамытудың әдістемелік негізі
  • Математикалық сауаттылықты дамыту жолдары
  • Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың өзекті мәселелері
  • Цифрлық трансформация: білім беру жүйесіндегі ақпараттық және техникалық сауаттылықтың жаңа мүмкіндіктері

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, ағылшын және орыс. 

Жинақ материалдарын дайындау және жариялау және конференция бағдарламасына енгізу үшін материалдарды 2025 жылдың 31 қаңтарға дейін Ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына ұсыну қажет: zh_muradymovna@mail.ru

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

Times New Roman шрифттері, (12 pt); интервалы – бір, жиектері: жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см, азат жол – 0,6 см.;

беттің жоғарғы жағында-баяндаманың атауы, оның астында бір интервалдан кейін, автордың тегі мен аты-жөні, жұмыс орны мен қаласы кіші әріптермен жазылады, бір интервалдан кейін мәтін;

формулалар Microsoft Equation формула редакторында, сканерленген суреттер (қара-ақ, реңктері жоқ) JPEG, JPG форматында, кемінде 300 dpi орындалуы керек.

 

Конференцияға тіркелу  уақыты, сілтемесі: 16 қаңтар бастап

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeAJqvFejPB1UuJR5WwsL2gmPdsXikYcmnRFFld6ZVzd_IbIw/viewform?usp=header

Конференцияның өтетін күні мен уақыты: 21 ақпан 2025 ж. сағ: 10:00-17:00

Өткізу нысаны: Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Мәдениет үйі

Ұйымдастыру комитетінің байланыс нөмірі: Джамбулова Жаркынай 87022365118, Бейсембаева Гулмира 87070393915, Е-mail: almoblmetod@mail.ru, zh_muradymovna@mail.ru

Сонымен қатар, конференцияға қатысты қосымша ақпаратты Whats’App қосымшасында төмендегі QR сканерлеу арқылы топқа тіркеліп, ала аласыздар. 


 

 

27 қаңтар 2025 г. 61 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 24 012 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 23 498 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728