» » «Студенттердің үздік мақалалары» республикалық конкурсы

«Студенттердің үздік мақалалары» республикалық конкурсы

«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Студенттердің үздік мақалалары» республикалық конкурсына мақалалар қабылдайтындығын хабарлайды.

ЖОО және колледж студенттерінің мақалалары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Конкурс аясында студенттер келесі тақырыптар бойынша мақалаларын бере алады:
- "Рухани жаңғыру";
- Менің мамандығым;
- Ел экономикасы, мәдениет, тарих, эсселер;
- Басқа да тақырыптар, аналитика. 

Жұмыстары жеңімпаз атанған студенттерге комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.

EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына материал жариялау тегін.

Конкурстың ережесімен «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігінің сайтында танысуға болады.

Редакция телефоны: 8-747-555-90-60 (What’s App),

E-mail: ruh.jangyru@mail.ru.


 

ЕРЕЖЕ

 «Студенттердің үздік мақалалары» республикалық конкурсының ережесі

 

Осы Ережемен «Студенттердің үздік мақалалары» республикалық конкурсын өткізу, ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.

Ережеге сәйкес студенттердің еңбектері, мақалалары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Республикалық конкурс студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және көрсету, сонымен бірге, еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі.

Конкурс комиссиясының мақсаты – үздік мақалаларды анықтау болып табылады. Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3 орындар).

Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

Конкурсқа қатысатын студенттің мақаласы doc форматта сақталып, ruh.jangyru@mail.ru электрондық жәшігіне «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек.

Конкурс бойынша  материалдары жарияланған авторлар міндетті түрде өз мақалаларымен әлеуметтік желіде бөлісуі тиіс (Фэйсбук, Вконтакте, Instagram, What’s App, Telegram және т.б. ). Бұл өз кезегінде көп оқырман жинаған студенттің мақаласының жеңімпаз атануына ықпал етеді. 

Номинациялар бойынша жұмыстары енген авторларға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беріледі.

01 сәуір 2018 г. 4 579 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 052 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930