» » Генедий Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Генедий Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

 Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Edunews.kz" АА 365.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшының айтуынша, бокс – аса қауіпті спорт түрі, бір ғана соққыдан өміріңмен қош айтысуың ғажап емес.

«Жауап беру қиын екен. Меніңше, белгілі бір жасқа дейін ғана жұдырықтасу керек деген ұғым жоқ. Мүмкіндік болса, ниет болса, жалғастыра береміз», — деп мәлімдеді Геннадий Головкин Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

Орта салмақтағы экс-чемпион келесі қарсыласы туралы тіс жармағанды жөн көрді.

«Олар көп, әлі қарастырамыз. Қарсыластар туралы сөз қозғап, келесі кім, жекпе-жек қашан және қайда өтеді деген әңгімелерден біраз оқшауланып кеттім. Бәрі алда, бірақ қазір емес, кейінірек», — деп спортшы ойымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте жеңілген болатын. Кейінірек Головкиннің Қазақстанға келгені мәлім болды. Ол туған қаласы Қарағандыдағы спорт кешеніне барып, Астанада өткен «Барыс» – ЦСКА матчын тамашалады.

05 қазан 2018 г. 1 757 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 052 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930