» » Жамбыл облысындағы 20 білім беру ұйымы аттестатталмаған

Жамбыл облысындағы 20 білім беру ұйымы аттестатталмаған

Жамбыл облысындағы 20 білім беру ұйымы аттестатталмаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ускумбаева Дәмеш Чайхықызы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

 

Мемлекеттік аттестаттау жүргізілген 52 білім беру ұйымының 20-ы аттестатталмаған, оның ішінде 3 балабақша, 16 мектеп, 1 колледж. Балабақшалардың 25%-ы, орта мектептердің 42,1%-ы, колледждердің 50%-ы аттестаттаудан өтпеген.


Департамент білім беру қызметін лицензиялау жұмыстарын «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес жүргізеді.


Ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында «Е-лицензиялау» электронды порталы арқылы түскен өтініштер саны – 206. Оның ішінде 2-і лицензия алуға, 1-і лицензияның қосымшасының қызметін тоқтатуға, 30-і лицензия және лицензияға қосымшаларды қайта рәсімдеуге, 173-і лицензияға қосымшалар алуға түскен өтініштер. 173 лицензияға қосымша алуға түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 89 біліктілікке лицензияға қосымшалар берілген.


Ал, 46 өтініш бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің» 4-бөлімінің талаптарына толық сәйкес келмеуіне байланысты лицензияға қосымшалар беруден дәлелді бас тартылған. 15 өтініш бойынша өтініш түрін қате жолдауына байланысты бас тартылды, 23 өтініш қаралуда.


Жеке тұлғалардан 14 өтініш түскен. Өтініштерге талдау жасау барысында ондағы баяндалған мән-жайлар негізінен білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық әдеп нормаларына қайшы келетін теріс қылықтары, қолданыстағы заңнамалардың талаптарын бұзу әрекеттері болып отыр.


Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 8 лауазымды тұлғаға 105 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынған.

Департамент тарапынан білім беру ұйымдарындағы бақылау шараларының нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ақпараттар жолданады және облыстық әкімдікпен, облыстық білім басқармасымен, білім бөлімдерімен бірлесіп кеңестер, кездесулер өткізіледі.


Бірақ, Департамент тарапынан мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау мақсатындағы жоспардан тыс тексерулер, арыз-шағымдарды қарау, нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау арқылы жоспарлы тексеру, білім беру қызметін лицензиялау жұмыстары жалғасын табады, - деп сөзін түйіндеді департамент басшысы Дәмеш Ускумбаева.


25 шілде 2017 г. 3 719 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 993 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 796 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930