» » Талдықорған қаласындағы NIS оқушылары информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың жеңімпаздары атанды

Талдықорған қаласындағы NIS оқушылары информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың жеңімпаздары атанды

 Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында информатикадан XIV Еуразиялық олимпиада өтті, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі Талдықорған Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олимпиадаға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерден, сондай-ақ Еуропа мен Азиядан 1000-ға жуық мектеп оқушылары қатысты. Зияткерлік сайыстарда Қазақстанның намысын еліміздің әр өңірінен 100 дарынды оқушы, оның ішінде Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-12 сынып оқушылары Нұрсұлтан Ерланұлы мен Санжар Тұрғанбек қорғады.

Мәртебелі додада қос қола жүлдеге қол жеткізген Зияткер оқушылар білімдерін абыроймен дәлелдеді.Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшісі Тасқын Бегунгутовты лайықты жеңісімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да табыстар тілейміз!-Олимпиадаға қатысу – мектеп білімін сынау ғана емес, тамаша дайындық пен өзін-өзі дамыту. Сонымен қатар, олимпиададағы жеңістер жоғары оқу орынға түскенде қосымша ұпай береді, – дейді 12 сынып оқушысы Санжар Тұрғанбек.

13 желтоксан 2022 г. 755 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 381 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031