» » Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткрлік мектебінің оқушылары «Дарын» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткрлік мектебінің оқушылары «Дарын» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткрлік мектебінің оқушылары «Дарын» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болды, - деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі.
Еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 300-ден астам оқушы төрт бағыт бойынша 264 жоба ұсынды.
Байқау 1-6 қараша аралығында қашықтан өтті. Оқушылар «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар» сияқты төрт бағыт бойынша жарысты.
Талдықорған қаласының NIS командасы он екі зерттеу жұмысын ұсынды.
10 - сынып оқушылары Мерей Бисенгалиева мен Аружан Баяхмет "Жастардың психоәлеуметтік аспектілерін зерттеу" ғылыми жобасын қорғады.
Олар анонимді онлайн сауалнама жүргізу арқылы жастардың өзін-өзі оқшаулауының психоәлеуметтік аспектілерін зерттеді.
Ал тағы 10-сынып оқушылары Нұрдәулет Қөпбосынұлы мен Жансерік Бекқадір күрішті ысырапсыз өңдеу жолдарын зерттеп, еліміздің экологиясы мен экономикасын жақсартуды ұсынып отыр.
– Ауылшаруашылығының қалдықтарын пайдаға жарату халық шаруашылығының аса маңызды проблемаларының бірі екені мәлім. Казіргі таңда белсенді көмір алу үшін 1 тонна ағаштан 10-15% ғана белсенді көмір алынады, – дейді жас ғалымдар.  Зерттеу жұмысты жүргізе отырып белсенді көмір алу барысында ағаш пайдаланбай орынына қоқыс алаңына тастайтын күріш қауызын пайдалануға болатынын жас зерттеушілер дәлелдеді.
Желілік ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша бұл жұмыстар ІІІ орынға ие болды.
Қазақстан топырағынан актиномицеттердің оқшаулануын 12-сынып оқушылары Дәурен Жанайдар мен Валерия Ким анықтады.
Зияткер оқушылар топырақ үлгісінен актиномицеттердің таза дақылдарын бөліп алуды жүзеге асырды, актиномицеттердің бактериялық сынама дақылдарына қарсы антагонистік белсенділігін зерттеді және микробқа қарсы белсенділігі жоғары микроорганизмдердің ең перспективалы изоляттарын анықтады.
Зерттеу жұмысы «Дарын» ғылыми жобалар байқауында ІІ орынға ие болды. 

Дереккөз:edunews.kz Ақпарат Агенттігі
08 қараша 2021 г. 6 258 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 205 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031