» » Кейбір мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігінің себептері туралы ақпаратқа түсініктеме.

Кейбір мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігінің себептері туралы ақпаратқа түсініктеме.

 Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында. Сәйкесінше, мектептерді интернетпен қамтамасыз етуге қаржыны өңірлердің әкімдіктері мен мәслихаттары бөледі, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мектептерде интернет жылдамдығының төмендігінің бірнеше себебі бар. Олардың ішінде техникалық жағдайлардың жоқтығы (оптикалық талшықты желілер және т.б.). Сонымен қатар кейбір мектептерде жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға техникалық мүмкіндік бар. Бірақ оның жоқтығы мектеп директорларының үнемдеуінен емес, әкімдіктер мен мәслихаттардың мектептерді қажетті тарифтік жоспарға қосу үшін жоғары сапалы интернетке бастапқыда жеткілікті көлемде қаржы бөлмейтіндігінен. Бұл жерде әрине, әкімдіктерден бөлінген қаражаттың жетіспеушілігінен мектеп директоры немесе білім бөлімінің басшысы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ете алмайды.
Бұған дейін министрлік алғаш рет білім саласы үшін әкімдіктерге бөлінетін қаржыны жариялағанын айта кетейік.Ақпарат сайтта және әлеуметтік желілерде қолжетімді.Министр Бағдат Мусин атап өткендей, әкімдіктерге интернетке қосылу бойынша келісімшарттар жасауды орталықтандыру, ал әкімдіктерге мектеп ішінде Wi-Fi және жергілікті желілерді орнату үшін қосымша қаражат бөлу тапсырылды. 
21 желтоксан 2022 г. 3 703 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 002 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 798 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930