» » Ақтөбеде мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді

Ақтөбеде мектептерді жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептерінде күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық Білім басқармасында айтылды, деп хабарлайды "Edunews.kz" АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш мекеменің мəліметінше, мектептерде жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін жүргізіледі. Күрделі жөндеуге жататын нысандардың тізбесін қалыптастыру кезінде бірінші кезекте аса мұқтаж нысандар қаржыландырылады.

 Сонымен қатар оларға жұмыстардың барлық түрлері бойынша алдын ала құжаттар əзірленеді. «Соңғы үш жылда Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарының күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1807,0 млн теңге бөлінді. Оның 374 млн теңгесі биыл бөлінді. Қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жəне білім алушыларға қажетті жағдай жасау мақсатында Қамқоршылық кеңестер жұмыс жасайды», - деп атап өтті басқармадан.

Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша да белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқаны, оның басты бағыттарының бірі білім беру жүйесін дамыту екендігі айтылды.

Орта білім беруді ақпараттандыруды дамыту мақсатында оқу орындарын кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етуге жəне ақпараттық жүйелерді техникалық қамтамасыз етуге қаражат бөлінеді. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласының мектептеріне жалпы сомасы 339 млн теңгеге 1194 компьютер жиынтығы, 260 аппараттық кешен, 8 ультрофокусты интерактивті проектор жиынтығы мен 3D принтерлер жəне робототехника сатып алынды.

Мектептерді 100%  компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін қаланың білім мекемелеріне 465 млн теңгеге 1860 компьютер жеткізілетін болады.


22 қазан 2018 г. 4 603 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 659 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031