» » Отбасы күніне арналған «Үйлесімді отбасы - бақытты балалық шақ» облыстық фестивалі өтті

Отбасы күніне арналған «Үйлесімді отбасы - бақытты балалық шақ» облыстық фестивалі өтті

2017 жылғы қыркүйектің орта кезінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» үздік отбасылық дәстүрлерді жаңғырту және нығайту арқылы отбасы институтының адамгершілік-рухани құндылықтарын нығайту мақсатында  «Бөбек» ұлттық  ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық мерейтойы аясында Отбасы күніне арналған «Үйлесімді отбасы - бақытты балалық шақ» облыстық фестивалін өткізді.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық фестивальге мектеп оқушылары, мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің педагогтері мен М.Жұмабаев ат. Петропавл гуманитарлық колледждің («Негізгі мектептің өзін-өзі тану мұғалімдері» мамандығы бойынша оқып жатқан) студенттері қатысты.

Фестиваль жұмысы барысында жаппай қарым-қатынас жасау мақсатында шығармашылық алаңдар ұйымдастырылды.

1.Отбасы, мектеп, қоғаммен қарым-қатынас жасауда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру Бағдарламасын іске асыруда педагогтердің үздік тәжірибелерін анықтау үшін «Өзін-өзі тану барлығы үшін» ақпараттық алаңы.

2.«Өзін-өзі тану» Махаббат және шығармашылық педагогикасы» ақпараттық көрсетілімінің басты міндеті рухани мұрат, құндылықтар және моральдік басымдылықтар жүйесіне негізделген мектеп өмірінің адамгершілік тәртібін қалыптастыруға ықпал жасау

3.Балаларды адамгершілік-руханилыққа тәрбиелеу барысында отбасының маңыздылығын арттыру, отбасында бірігіп шығармашылық, зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында «Мерейлі отбасы» отбасылық әулеттің саяжолы алаңы ұйымдастырылды.

4.Оқушыларды адамгершілік-руханилыққа тәрбиелеу, көркемдік қолданбалы шығармашылық өнер көрсету арқылы тәжірибе алмасу мақсатында «Сүйіспеншілік – барлық жолдардың қиылысы» отбасылық қолданбалы өнерінің шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.

5.«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық мерейтойына орай «Махаббатқа толы жүрек» мерекелік ашық хат триенналесі ұйымдастырылды.

Облыстық фестивальді өткізу барысында басты назар қажетті консультациялық көмек алып, шеберлік сыныптарына қатысатын ата-аналарға аударылған болатын:  «Жағымды сипаттағы ата-аналық» өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Рыжкова И.А., Айыртау ауданы, «№1 Саумалкөл ОМ» КММ, «Бала тәрбиелеуде адамгершілік-рухани тәрбиедегі отбасының рөлі» өзін-өзі тану мұғалімі Жамангарина А.К., СҚО, Айыртау ауданы, «Саумалкөл қазақ мектебі» КММ. Сонымен қатар, фестивальге қатысушылармен облыстың және қаланың ең мықты психологтері жұмыс жасады.

«Үйлесімді  отбасы – бақытты балалық шақ» атты музыкалық альбомда СҚО Ішкі істер департаменті, «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» және «№26 мектеп-балабақша» КММ, «№8  эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ, Мамлют ауданының «Краснознаменка ОМ» КММ, Мағжан Жұмабаев ауданының «Медвежка ОМ» КММ  шығармашыл ұжымдары өздерінің өнерлерін көрсете білді.

Фестивальдің қатысушыларына сертификаттар, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
 
19 қыркүйек 2017 г. 6 083 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 151 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 853 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930