Алматы облысында үш ауысыммен оқытатын 34 мектеп бар
Талдықорғанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен Жолдауды талқылауға арналған актив жиыны өтіп жатыр. Алқалы жиынға барлық ауданның әкімдері мен басқарма басшылары қатысуда, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«2017 жылы Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 33 мектеп салынды. Барлығы 49 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейтін. Алайда, халықтың демографиялық өсіміне байланысты үш ауысымды мектеп Алматы облысы үшін өзекті болып тұр. Жыл сайын Жетісу жерінде 50 мыңдай нәресте дүниеге келеді. Биыл 46 мың бала мектеп табалдырығын аттады. Қазіргі күні Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны 34-ке жетті», - деді Алматы облысының әкім А. Баталов.