Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасында павлодарлық оқушылар жүлделі болды
 «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының негізінде ағымдағы жылдың 10 қазан күні 8-9 сынып оқушыларына арналған І Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасы өткізілді. Бұл туралы "Edunews.kz" АА хабарлайды.
«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының негізінде ағымдағы жылдың 10 қазан күні 8-9 сынып оқушыларына арналған І Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасы өткізілді. Бұл туралы "Edunews.kz" АА хабарлайды.Олимпиада орта буын оқушыларының айтылым және жазылым дағдысын жетілдіру арқылы сын тұрғысынан ойлау мен зияткерлік кабілетін дамытуға бағытталған. Іс-шараға жалпы білім беру мекемелерінің, гимназия, лицейлердің 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.
Павлодар облысынан 6 оқушы қатысып, төртеуі жүлделі орынға ие болды. Атап айтар болсақ, І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушылары: Ермаченкова Софья (ағылшын тілі), Дандыбаева Данель (орыс тілі) және Шамшиденова Жибек (қазақ тілі) марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Митрошина Алина (орыс тілі) ие болды.





 
		
		



