» » ШҚО-да балабақша саны артып келеді

ШҚО-да балабақша саны артып келеді

Шығыс Қазақстан облысында мемлекет пен жекеменшік серіктестігі нығайып келеді. Бұл туралы "Edunews.kz" AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Әсіресе мұндай жобалар әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етіп отыр. Мәселен, Зайсан ауданында осы бағытта ашылған балабақшалар саны алтыға жеткен. Ал келесі жылы тағы үшеуі ашылмақшы. Жақында есігін айқара ашқан мына мекемеде 75 бүлдіршін тәлім-тәрбие алып жатыр. Ата-аналардың алаңсыз болуы үшін мұнда балаларға барынша жағдай жасалған. Жергілікті 20 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпкер келесі жылы ғимаратты кеңейтіп, тағы да 2 топ ашуды жоспарлап отыр. 
Айтжанова, балабақша меңгерушісі:
- Мемлекет тарапынан бізге қаншама қолдау көрсетіліп отыр. Әр балаға тиісті мөлшерде қаражат бөледі. Мұның өзі жеке кәсіпкерлерге өзінің шаруасын ары қарай алып жүруге үлкен мүмкіндік. Себебі, мен өзіме мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғандықтан, қолдаумен бірге маған жауапкершілік те жүктеліп отырғандықтан, оны ақтауға тырысамын. Мұның болашағы зор деп ойлаймын.
15 қазан 2018 г. 1 409 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 898 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930