Оралда 7 мектеп салынады

Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында атқарылар іс аз емес. Өңірде 3 ауысымда оқытатын 5 мектеп болса, 5 оқу орнының шәкірттері тозығы жеткен ғимаратта тәлім алуда. Күні бүгін Казталов және Ақжайық аудандарындағы 2 мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Ал 7 білім ошағының құрылысына қажетті қаржы мөлшері есептеліп жатыр. Олардың барлығы да облыс орталығында бой көтермек.
Аяжан Жүнісова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
- Халықтың тығыз қоныстануына және демографиялық жағдайға байланысты үш ауысымдағы мектептердің басым бөлігі Зашаған кентінде. Олар – №10, 47, 20, 18 мектептер. Сол мәселені шешу үшін Зашаған ауылында №51, 52, 53 жаңа мектептер салу жоспарланып отыр. Олардың жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.