» » Мамандар мектеп асханасында қандай тағамдарға тыйым салынғанын айтты

Мамандар мектеп асханасында қандай тағамдарға тыйым салынғанын айтты

 Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мектептерде қандай тағам түрлерін сатуға болмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA Астана қаласы әкімдігінің сайты сілтеме жасап.
 Мектепте балалардың ыстық тағаммен тамақтануы олардың денсаулықтарын нығайтуға және оқу қабілетін жақсартуға әсерін тигізеді. Оқушылардың мәзірінде пайдалы және құнарлы тағамдар болуы қажет. Күнделікті тамақтану рационына ет, сүт, сарымай, өсімдік майы, қара нан, бидай наны, көкөністер және қант кіреді. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі аптада бір рет беріледі.
Санитарлық ережелерге сәйкес дайын тағамның сапасын мектептік бракеражды комиссия тексереді. Комиссия құрамына әкімшілік өкілдері, мектеп дәрігері және ата-аналар комитетінің төрағасы кіреді. Бракеражды комиссияның міндеті білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды және сапасын қадағалауды бақылау. Сонымен қатар, күнделікті медицина қызметкері немесе жауапты тұлға тағамдарға және кулинарлық өнімдерге органолептикалық бағалау жүргізуі қажет.
 Мектеп асханаларында және буфеттерінде сатуға тыйым салынады:
 - кремі бар кондитерлік өнімдер;
 - тұтынушылар қорабындағы кондитерлік өнімдер және тәттілер;
 - қаймақ және майонез қосылған күрделі салат өнімдері;
- өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тағам өнімдері;
- тез дайындалатын тағам концентраттарын қолдануға;
- тәтті алкогольсіз сусындар, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындар,
- концентратты шырындар;
- фаст-фудтар, гамбургерлер, чипсы, қытырлақ нандар;
 - ащы соустар, кетчуп, ащы қоспалар (бұрыш, хрен, горчица).


25 қазан 2018 г. 5 168 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 767 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031